Астана қаласында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын ашу ұсынылды
«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың және Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтың қатысуымен Астана қаласы кәсіпкерлерінің ІІІ жыл сайынғы конференциясы болып өтті
Конференцияда кәсіпкерлердің бизнестік жүйелік мәселелері талқыланды.
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Астанада сәтті бизнес жүргізуге кедергі болып отырған жүйелі мәселелерге тоқталып өтті.
Ең алдымен Астана қалалық кәсіпкерлер палатасының жұмысы туралы ӨКП директоры Ғани Тасмағанбетов баяндама жасады.
Сөз басында өткен жылы Кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша 350 шағым келіп түскенін және шағымдардың жартысынан астамы бизнестің пайдасына шешілгенін атап өтті.
ӨКП директоры Ғани Тасмағанбетов Астанада сауда орындарының саны мен сатып өткізілетін өнімдердің түрлері ұлғаятынын баяндады.
«Кәсіпкерлердің өтініші бойынша 2016 жылы Астана әкімдігі бөлшек сауда нысандарына арналған сауда орындарының санын және балалар ойын алаңдарын орналастыруды 3 есеге, яғни 1000 орынға көбейтілді»,– деді Ғ.Тасмағанбетов.
ӨКП директорының айтуынша, тағы бір маңызды мәселе – қызмет көрсету және туризм саласы нысандарын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру. Қазіргі таңда палата астаналық Инвестициялар және даму басқармасымен, «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС және «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен бірлесіп, қонақ үй бизнесі және қаланың қоғамдық тамақтандыру салаларында ұсынылатын туристік қызметтер сапасын бағалаудың критерийлерін бекітті.
Сонымен қатар, Астана қаласының сол жағалауында толық форматта кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын ашу ұсынылды. «Кез келген жеке кәсіпкер орталыққа келіп, қажетті ақпаратпен қамтамасыз ете алатындай орын болғаны дұрыс деп ойлаймыз»,– деді Ғ.Тасмағанбетов.
Кәсіпкерлер конференциясында сөз алған Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков Астананың жалпы өңірлік өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 61%-ға жеткенін атап өтті. Астананың негізгі экономикалық көрсеткіштеріне тоқтала келе, қала әкімі әкімдік пен кәсіпкерлердің өңірлік палатасының бірлескен белсенді жұмысының бизнестің дамуына елеулі үлес қосып жатқанын айтты.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: