«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астана білікті жұмысшы кадрларға мұқтаж

2016 жылғы 26 Ақпан
- Астана қаласы
11678 просмотров

Болашақ құрылысшылардың кәсіптік жарамдылығы тексерілді

Өңірлік палата биыл 13 жұмысшы мамандығы бойынша оқытатын ресурстық және білім беру орталықтарын ашпақшы. Бұл туралы политехникалық колледждің дуальды оқыту бойынша оқып шыққан түлектерінің дипломдық жобаларды алғашқы ашық қорғау рәсімінде Астана қаласы кәсіпкерлер палатасының адам ресурсын дамыту бөлімінің басшысы Жарас Байбосынов мәлім етті.

«Қазірдің өзінде Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының қатысуымен екі колледждің базасында оқыту және ресурстық орталықтар ашылып, сәтті қызмет жасауда. Онда 11 түрлі жұмысшы мамандығына оқытылады. Биыл тағы да 4 колледжде осындай қысқа мерзімді курстарды ашу көзделіп отыр», – деді Жарас Байбосынов.

Ол қала колледждерінде жоғары білікті жұмысшы кадрларын даярлау астаналық Палата қызметінің басты бағыттарының бірі екенін жеткізді. Сарапшылар  жұмыс берушілердің кадрларға қажеттілігін сауалнама мен анкеталау арқылы анықтаған.

«Мәселен, биылғы жылы біздің мамандар 120 кәсіпорынға зерттеу жүргізіп, 50 мамандыққа деген қажеттілік бары анықталды», – деді Жарас Байбосынов. Дуальды оқыту жүйесін дамытуға ерекше назар бөлініп отыр. Астаналық колледждерде студенттерді дуальды оқыту бойынша жергілікті Палата қала әкімдігінің Білім беру басқармасымен, 17 колледжбен және 1141 студентті 19 мамандық бойынша оқыту үшін, өз өндірістік алаңдарын ұсынған 27 кәсіпорынмен төртжақты шартқа отырған.

Қала колледждерінде әлеуметтік серіктес 25 кәсіпорын туралы ақпараттық стендтер орналастырылса, Астана мектептерінде қала колледждері туралы толық ақпарат беретін  45 кәсіптік кабинет ашылған.

«Бүгінгі алғашқы дипломдық жұмысты ашық қорғау барысында «Атамекен» ҰКП мен Астана Палатасы, сонымен бірге «Базис» құрылыс компаниясы өкілдерінен құралған біліктілік комиссиясы 23 колледж түлегіне біліктілік тағайындау үшін  кәсіптік даярлығын бағалай алды», – деп түйіндеді сарапшы. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер