«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Негізсіз талап

2016 жылғы 26 Ақпан
8924 просмотров

Кәсіпкер Халипа Мұратоваға бұдан бірнеше жыл бұрын жүзеге асырылған талаптарды қайта орындау міндеттелуде

2013 жылы Алматы қаласы Маманданған ауданаралық экономикалық соты  «Тоспа Су» МКК-ның кәсіпкер Халипа Мұратоваға қатысты жазған талап-арызын қанағаттандырған. Ол бойынша кәсіпкер кәріз желілерін меншігіндегі кафе ғимаратының кіреберісінен 3 м қашықтықта орналастыруы қажет. Ал бұл талаптар іс жүзінде нысан құрылысы кезінде-ақ орындалып қойған.

Бұған қарамастан, жеке сот орындаушысы сот органдарына ЖК Мұратовадан сот шешімін орындамағаны үшін әр күнге 5 АЕК көлемінде төлем өндіру мақсатында бірнеше мәрте  арыз жазған. Нәтижесінде кәсіпкер мойнына 1 млн. 700 мың теңге қарыз жүктелген. Сонымен бірге сот орындаушысы Мұратованың қолын қолдан жасап, сотқа кәсіпкер сот шешімін орындау қажеттілігі туралы хабарландыруларды алды деп мәлімдеген. Құжаттарды қолдан жасаған деген факті бойынша 2015 жылдың қазан айында қылмыстық іс қозғалып, оның соңғы шешімі әлі де қабылданбай келеді.

Осылайша, сот орындаушысының заңсыз әрекеттері мен негізсіз сот шешімі салдарынан кәсіпкер құқықтары мен мүддесі бұзылып отыр.

2015 жылдың қазан айында Мұратова техникалық сараптамаға тапсырыс берген. Оның қорытындысы бойынша кәріз құдығы ғимарат кіреберісінен 12 метр қашықтықта орналасқаны және бұл құрылыс нормалары мен ережелерге толықтай сай келетіні дәлелденгенін ескеру керек.

Кәсіпкер жүгінгеннен кейін Ұлттық палата Алматы қалалық Әділет департаментіне сот шешімін оның орындалуына байланысты тоқтату туралы өтініш жолдады. Өкілетті органнан әлі де жауап келмеген. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер