«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауылдағы кәсіпкерлерді толғандыратын мәселелер

2016 жылғы 26 Ақпан
- Батыс Қазақстан облысы
9956 просмотров

ӨКП басшылығының аудандарда өткізген көшпелі кездесулері ауыл бизнесмендері үшін пайдалы

Кәсіпкерлер палатасының директоры Кеңес Әбсатыров облыстың аудандарына шығып, ауыл кәсіпкерлерімен жүзбе-жүз кездеседі. Таяуда ол үш ауданда: Ақжайық, Зеленов, Тасқала аудандарында болып қайтты.

Сапар қорытындысын талдай отырып, ӨКП директоры, өткен жылмен салыстырғанда, Палата филиалдарына немесе кәсіпкерлерді қолдау орталықтарына келіп, көмек сұрамаған кәсіпкер жоққа тән екенін айтты. Ауылдықтардың өздері де, өткен жылы өзекті болған көптеген мәселелер, енді КҚКО-ның белсенді көмегінен кейін күн тәртібінен алынып тасталғанын айтты.

Бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын түсіндіру, бизнес-идеяны ойлап табудан бастап бизнес-жоспар құру, несие алуға дейін жобаларды алып жүру, бухгалтерлік және салықтық есептерді құру жөнінде тегін қызмет алу, түрлі мәселелер бойынша ақыл-кеңес алу үйреншікті жайтқа айналды. «Біз бизнесті жүргізуге қатысты кез келген мәселе бойынша қайда бару керектігін білеміз, – дейді Ақжайық ауданындағы жеке кәсіпкер Салтанат Құбашева. – Палата филиалдары мен КҚКО біздің туған үйіміздей болып кетті».

Бірақ бұл кездесулер ауыл бизнесмендерінің проблемалары әлі де көп екенін көрсетті. Әсіресе, оларды несие алу проблемасы толғандырады. «Қазагро көктемгі егіс жұмыстарына несие беруге асықпай отыр, бұл туралы таяуда «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы Нұрлыбек Малеловтің сөзінде айтылған болатын, – деп алаңдайды ШҚ жетекшілері Талғат Құспанов, Михаил Милешкин, Эдуард Варданян және басқа Зеленов ауданының шаруа қожалықтарының басшылары. – Ал, егін салу науқаны иек астында тұр, оған жақсылап дайындалу керек, ал бізде қаражат жоқ».

Өңірлік палата директоры атап көрсеткендей, көптеген ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қаражатқа қол жеткізуде қиындыққа тап болуының басты себептерінің бірі – қожалықтарда кепілдік базаның жетіспеушілігі немесе тіпті мүлдем жоқтығы. Екінші жағынан, несие ресурстарының жетіспеушілігі ауылдағы шағын және орта бизнестің басқа проблемаларына да алғышарт болып отыр – өндірістің техникалық жарақтандырылуының нашарлығы және ұсақ тауарлылығы.

Мұнда, Кеңес Әбсатыровтың пікірінше, шаруа қожалықтарының кооперациясы көмекке келе алады. «Кооперация – бұл, ең алдымен, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді  физикалық емес, экономикалық ірілендіру. Кооперация туралы заң жобалары мына нәтижелерге бағытталған: субсидиялардың қолжетімділігі, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің шығындарын оңтайландыру, оларды сатып өткізу үшін тауарлардың ірі партияларын қалыптастыру», – деп түсіндірді ӨКП басшысы.

Бұған жауап ретінде, шектен тыс нормативтік-құқықтық реттеу шаралары кооперациялау процесін тежеп отырғаны туралы пікірлер айтылды, кооперативтер қызметі ашық емес, бір-біріне сенімсіздік таныту, алаяқтық және т.б.  Осы және басқа да кедергілер кооперацияның артықшылығын жақсы түсінсе де, шаруалардың қолын байлап отыр.

Кездесуде айтылған осы тектес проблемалар бойынша кәсіпкерлердің ауыл шаруашылығы басқармасы және қаржы институттарының өкілдерімен бірлескен кездесулерін ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Ауыл кәсіпкерлерімен болған көшпелі кездесулер мұндай жұмыстың проблемаларды айқындау және оларды дер кезінде шешу жағынан өте тиімді екенін көрсетті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер