«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қол қусырып отыруға болмайды

2016 жылғы 26 Ақпан
- Солтүстік Қазақстан облысы
13289 просмотров

«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» ауылдағы жұмыспен қамту мәселесін шешуге көмектесуде

Ел экономикасының басты құрамдас бөліктері болып табылатын шағын және орта бизнес «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылғаннан кейін өз дамуының жаңа кезеңіне шықты. Мұны Уәлиханов ауданының тұрғындары да  іс жүзінде байқап көрген.

Өз ісін ашпақ болған жеке кәсіпкер СҚО Кәсіпкерлер палатасының Уәлиханов ауданындағы филиалына барып жүгінген. КҚО кеңесшілері бұған не қажет екенін бүге-шүгесіне дейін түсіндіріп берді. Қажетті құжаттар пакетін жинаған соң, Ләззат жұмыспен қамту орталығына барып, жеңілдікпен екі миллион теңгелік несие алған. Бұл қаражатқа ол нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер пісіруге арналған жабдық сатып алып, жалға ғимарат алды.

«Бүгінде бізде үш адам жұмыс жасайды. Мен шағын кафе ашып, ауыл тұрғындарын тәтті нанмен, тоқашпен қамтамасыз етіп қана қоймай, бірнеше адамды тұрақты жұмыспен қамтыдым. Біз тәулігіне нан-тоқаштың, кондитерлік өнімдердің бірнеше түрін пісіреміз. Мен мына нәрсені түсіндім: ешқашан қол қусырып отырмау керек, өз идеяңды іске асырудан қорқпау керек. Ал бүгінгі күні мемлекет бұл үшін барлық жағдайды жасап отыр. Ниет болса, арманың да орындалар», – деп бөлісті Ләззат Нұралина.

Бұған дейін ол тәттілерді үйден пісірумен айналысқан. Сұраныс ұсыныс тудырады дейді. Жақындарымен кеңесе отырып, ол дастарханның сәні болған ұннан жасалатын тәттілер жасайтын шағын кәсіпорын ашқан. Әзірге олар түрлі кекстер, бәліштер, құймақтар, чебуректер, сондай-ақ ішінде түрлі салындылары бар бәліштер және т.б. пісіреді. Ең арзан өнімнің құны 70 теңге. Болашақта бизнесвумен қосымша жабдық алып, өнімдер түрін арттырмақшы.

«Тұтастай алғанда, «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтушы тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесін шешуде өте маңызды  әрі пәрменді құрал. Ол әсіресе елді мекендердегі ауыл тұрғындарының қызығушылығын тудырып отыр», – деді Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Батырхан Ахметов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер