«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көкөніс бар жерде қызанақ та болады

2016 жылғы 25 Ақпан
- Ақтөбе облысы
8926 просмотров

Хромтаулық кәсіпкер базарлардан сырттан келген көкөністерді қалай ығыстыруды біледі

Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасының көмегінің арқасында Хромтау ауданының тұрғыны екі қаланы көкөніспен қамтамасыз етіп отыр.

Шағын жылыжай Әлім Әлмұратовтың көптен бергі арманы еді. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер ӨКП (Өңірлік кәсіпкерлер палатасы) бөлімшесіне кеңес алу үшін келеді. Мұнда оны «бизнес-кеңесші» курсын оқуға жазады, оның «жасыл» жобасына қолдау көрсетіп, бизнес жоспар дайындайды және несие алу үшін қажетті құжаттарды жинауға көмектеседі. Жыл өте салысымен арман қуған жігіт Орынбордан поликорбанат және басқа да қажетті жабдықтарды алып келіп, екі айда құрылысты аяқтап, ісін бастап кетті.

«Пияздың тұқымын Ақтөбеден алдым да, 150 шаршы метр аумаққа ектім. 25 күннен кейін алғашқы жасыл сабағы шықты, – дейді кәсіпкер. Олардың биіктігі 30 сантиметрге дейін жетеді. Бұл көкөністі жылыжай жағдайында өсірудің алғашқы тәжірибесі болғандықтан,  ең күй талғамайтын дақыл ретінде пияздан бастадық. Аптасына 2-3 рет суарамыз. Мен үнемі ата-анамның кеңестерін басшылыққа алып жұмыс жасаймын, өйткені ол екеуі де – агроном, сондықтан, өсімдікке қалай күтім жасау қажеттігін жақсы біледі. Әлімнің әкесі, Марат Әлмұратов, есімі Ақтөбе облысына белгілі ауылшаруашылық маманы, «Ақжар-Агро» ЖШС-де бас агроном болып қызмет атқарады. Сауатты маман жыл сайын жоғарғы астық өнімділігіне қол жеткізуде. Сондықтан Әлім екпе өсімдік өсіру технологиясымен бала күнінен таныс.

Бүгінде Әлімнің жылыжайы жақсы қарқынмен даму үстінде. Оның мемлекеттен алып жатқан субсидиясы үлкен көмек болды. Бір күнде шағын жылыжай 15 келіге дейін жасыл пияз беруде. Ол Ақтөбе мен Хромтау базарларында көтермелеп сатылады. Айына үш рет өнім жиналады, бұл дегеніңіз – 300 келі көкөніс.

«Биылғы жылы ауыл шаруашылығына қаржылық қолдау көрсету қоры арқылы жылыжай көлемін кеңейту мақсатында несие алуды жоспарлап отырмын. Келешекте қызанақ және басқа да дәруменге бай өнімдер өсірумен айналысамын. Ал қазір жылыжайда пияздан басқа аскөк, ақжелкен, шалғам өсуде», – деп Әлім Әлмұратов өз жоспарларымен бөлісті.

Кәсіпкер жақында өз өнімдерінің облыс базарларына шеттен келген көкөністерді ығыстырып шығаратынына сенімді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер