«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шенеунік пен кәсіпкер: бетпе-бет

2016 жылғы 24 Ақпан
- Солтүстік Қазақстан облысы
12589 просмотров

Есіл ауданының кәсіпкерлері өз мәселелерін шенеуніктерге тікелей, көзбе көз отырып айту мүмкіндігіне ие болды

Бұл мүмкіндікке Есіл аудандық кәсіпкерлер палатасының аудан прокуротурасы және мемлекеттік табыстар басқармасымен біріге отырып ұйымдастырған «Шенеунік пен кәсіпкер» акциясының нәтижесінде қол жеткізілді.

Сонымен, қабылдауға коммерциялық жылжымайтын мүлікті ресімдеу барысында қиындықтарға тап болған жеке кәсіпкер Иманқұл Пірімқұлов келді. Ол құрылысы аяқталған нысанды пайдалануға беру мақсатында 2014 жылдан бастап сәулет және қала құрылысы бөліміне бірнеше рет өтініш жасап, алайда коммерциялық жылжымайтын мүлік тиісті рұқсат қағаздарын алмастан кәсіпкермен дербес түрде салынғандықтан бизнесменге қомақты айыппұлдың салыну қаупі болған.

Кеңесші менеджер Евгений Пьянков қазіргі уақытта заңдастырудың жүргізіліп жатқандығын, және құжаттар пакетін ұсынған жағдайда оның жылжымайтын мүлікті заңдастыруға мүмкіндігі бар екендігін мәлімдеді. КҚО-ның (Кәсіпкерлікті Қолдау Орталығының) көмегімен қысқа мерзім ішінде кәсіпкерге заңдастыру комиссиясына жүгінуге қажетті құжаттар пакеті жасап шығарылды.

Осы тәрізді мәселеге «Жәнібек Елжас» ЖК-да тап болды. Алайда, бұл жағдайдағы ең үлкен кедергі – кәсіпкердің аталған жылжымайтын мүлікті заңдастыру үшін ұсынған құжаттарында заңды негіздемелердің жоқтығы болып шықты. Нақтырақ айтсақ, ол жылжымайтын мүлік салынған жер телімі кәсіпкерге тиесілі болмаған. Айыппұл санкцияларының алдын алу мақсатында оған өз бетімен құрылыс жүргізу бойынша меншік құқығын растау туралы талап арызбен жеке тұлға ретінде сотқа жүгіну туралы кеңес берілді. Кездесу соңында кәсіпкерге талап арыз жобасы ұсынылды.

Кәсіпкерлерге берілген кеңестердің нақтылығы мен негізділігі прокурор Қазбек Ғалымжанмен расталып, ол өз кезегінде кездесу барысында қарастырылған мәселелерді бақылауда ұстауға уәде берді. Сондай-ақ, ол кездесу қатысушыларына заңнамадағы бизнес субъектілерінің құқықтары мен міндеттеріне тікелей қатысты болатын өзгерістер туралы ақпарат берді.

Мемлекеттік кірістер басқармасының маманы Айгүл Ғаббасова кәсіпкерлерге салық салу және кассалық аппараттар орнату, сонымен бірге шетелде қол жеткізілген ақшалай қаражаттар мен кірістерді заңдастыру мәселелері жөнінде кеңес берді. Аталған мәселе «Агро Profusion СВ» ЖШС басшысы Сергей Питомцевті қызықтырған болатын. КҚО қызметкерлері заңнаманың заңдастыру туралы нормалары, заңдастыру тәртібі туралы түсінік берді, сондай-ақ заң нормаларына кіретін мүліктің тізімін ұсынды.

Кәсіпкерлер Палатасының бастамасымен және мемлекеттік органдар мен филиалдың КҚО кеңесшілерінің қатысуымен өтетін мұндай кездесулерді жиі өткізіп тұру қажеттілігін бірауыздан атап өтті.

Кәсіпкерлер Палатасы филиалының директоры Серік Базарбаев атап өткендай, өткен жылдың қорытындысы бойынша «Шенеунік пен кәсіпкер» акциясының аясында кәсіпкерлерге өз бизнестерін жүргізуге кедергі келтірген жиырмадан астам күрделі мәселе өз шешімін тапқан болатын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер