«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алыс түкпірде де табысты бизнесменге айналуға болады

2016 жылғы 23 Ақпан
- Маңғыстау облысы
12186 просмотров

Маңғыстау облысының ең алыс ауданында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санын көбейту мақсатымен бизнес-инкубатор құрылатын болды

Бұл туралы өңір басшысы Алик Айдарбаевтың төрағалық етуімен өткен кеңейтілген мәжіліс кезінде белгілі болды.

Маңғыстау облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Әсет Мановтың айтуынша, бизнес-инкубаторды облыс орталығынан  500 км қашықта орналасқан Бейнеу ауданында ашу көзделіп отыр.

«Бүгінгі күні Бейнеу ауданында бизнес-инкубаторды ашу қажет. Аудан әкімі Басшы Әзірханов осы мақсатқа ғимарат бөліп те қойды. Қолдаудың мұндай түрі, әсіресе, жекеменшік шағын кәсіпті ұйымдастыруға арналған микронесиелерді бөлу кезінде  сұранысқа ие болады деп ойлаймын. Бұл облыста жұмыс істей бастайтын үшінші бизнес-инкубатор болады. Біріншісі Жаңаөзен моноқаласында ашылған болатын, ал екіншісі жақында ғана Мұнайлы ауданында өз жұмысын бастады», – деді Әсет Манов.

КҚКО және КҚО қызметі туралы айтқан кезде, ӨКП басшысының м.а. жыл басынан бері бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары туралы кәсіпкерлер мен тұрғындарды ақпараттық қамтамасыз ету жөнінде 6 553 қызмет көрсетілгенін атап айтты. КҚО-на жүгінген,  бизнесті ашуға немесе дамытуға барлығы 156,2 млн. теңге мемлекеттік қаржылық қолдау алған ауыл  кәсіпкерлерінің 96 жобасын іске асыруға көмек көрсетілген.

ӨКП Бизнес-мектебі аясында «Бизнес-кеңесші», «Бизнес-өсу» және «Жобалық оқыту» жобалары бойынша 1 019 адам оқудан өткен, олардың ішінде ауыл кәсіпкерлері мен тұрғындары – 560.

Ақтау қаласы бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшілері 150,1 млн теңге сомасындағы 18 түрлі жобаны қаржылық қолдау алғанға дейін сүйемелдеген. Қазіргі уақытта мемлекеттік қаржылық қолдау бағдарламаларына қатысатын кәсіпкерлердің 50-ге жуық жобасы сүйемелденіп отыр, демек олар 2 млрд теңгеден астам субсидиялар мен микронесиелер алады деген сөз.

Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасын құру үшін бизнесті дамыту мәселелері жөніндегі зерттеулер көрсеткендей, кәсіпкерлер жиі кездесетін проблеманың бірі – қаражаттың қолжетімділігі және әкімшілік кедергілер, мемлекеттік органдар тарапынан болатын бюрократия.

«Картаны әзірлеу шеңберінде 6250 кәсіпкерге онлайн-сұрау салу нәтижесі кәсіпкерлікті дамыту үшін ең маңыздысы – қаржы құралдарына және өткізу нарықтарына қол жеткізу екендігін көрсетті», – деп қорытты Әсет Манов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер