«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шебер ұсынған шеберлік сыныбы

2016 жылғы 23 Ақпан
- Жетісу облысы
10785 просмотров

Жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру мақсатында Өңірлік палата осы саладағы мамандарды шақырып, шеберлік сыныптарын ұйымдастыруда

Талдықорған қаласындағы Сервис және технологиялар колледжінің ресурстық орталық базасында бұл жолы аспаздықтың қыр-сырын үйрету сабағы өтті. Шеберлік-сыныбында «Береке» кондитерлік фирмасының директоры  Светлана Швецова және ҚР Бас аспазшылар қауымдастығының мүшесі, «Карамель» мейрамханасының директоры Фарид Жүзбакиев тәжірибелерімен бөлісті. Фарид – қалалықтарды мейрамхана бизнесінде кәсібилігімен таңғалдырып жүрген Хакимовтар әулетінің жарқын өкілдерінің бірі. Ол үшін мамандық – шығармашылық деген сөз.

Ол аспаздықпен 20 жыл бойы айналысып келеді. Бірнеше рет түрлі републикалық әрі халықаралық байқаулардың жүлдегері атанған. Бұған таң қалуға болмас. Себебі, ол даярлаған тағамдар дәмді ғана емес, сондай-ақ әдемі безендіріледі.

«Айтпақшы, бұл аспаз жетістігінің бір құпиясы,– дейді ол қатысушыларға. – Кез келген жұмыс жандүниеңмен орындауды қажет етеді, ал тағам әзірлеуге тіптен үлкен жауапкершілік қажет. Бастысы мамандық таңдауда жүрегіңе жүгінген жөн».

Бас аспаз кеңестерін жастар қуана қабылдады. Шеберлік сыныбы өте мазмұнды өтті. Аз уақыт ішінде 6 түрлі тағам әзірленіп ұсынылды. «Аспаз мамандығын маған қажетті мамандық екенін түсінгендіктен таңдап алдым.  Біздің әулетте әжем, атам бәрі аспаз болған. Яғни, менің жұмысым – менің екінші үйім іспеттес. Мен көптеген әлем қалаларында болып, көптеген мейрамханаларда жұмыс жасадым. Бұл тәжірибемді мен өзімнен кейінгілерге бергім келеді, себебі әлемдегі мұндай аспаздық тенденцияларды біз білуіміз керек», – дейді Фарид Жүзбакиев.

Студенттерге мұндай форматтағы сабақтар өте ұнайды. Себебі, осылайша олар нағыз шебердің көмекшілеріне айналады. 

«Мұндай шеберлік сыныптары енді болашақ металл жонушылар мен ауылшаруашылық салаларының жұмысшыларына арнап өткізілмек. Бұдан басқа, Палата болашақ жобаларды іске асыруда жастарға қолдау көрсетіп, біліктілігін арттыру үшін, ОАОО ұстаздарын Қазақстанның кез келген қаласына жіберуді көздеп отыр. Ниет болса, жетілу мүмкіндіктері де табылады», – деді Кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Алмагүл Оңғарбаева. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер