«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ветеринариялық анықтамалар тегін берілуі керек

2016 жылғы 22 Ақпан
- Шығыс Қазақстан облысы
12433 просмотров

Мал дәрігерлік анықтамасын беру ережесі мен олардың бланкілеріне қойылатын талаптар алынып тасталды

Кәсіпкерлер палатасы мониторинг барысында фермерлердің мал дәрігерлік анықтамасын сатып алып жүргендерін анықтады. Бұл – заңсыз. Себебі, стандартқа сай, мемлекеттік қызмет тегін көрсетілуі тиіс. Осылайша, мал дәрігерлік құжаттарын беру және бланкілерге қойылатын талап-ереже бұзылған.

Ең қызығы, әр өңірдің өзі таңдап алған «бағасы» бар екен. Мәселен, Семейде өткен және оның арғы жылы шаруа қожалықтарының иелері осы анықтама үшін 37 теңге, Зырян қаласында ірі қара мал үшін 250 теңге, ал ұсақ мал мен шошқаға 200 теңге, Күршім ауданы – 70 теңге, Бородулиха ауданы – 50 теңге, ал Зайсан ауданы 30 теңге төлеп келген.

«Мониторинг көрсеткіші бойынша ШҚО-ның жекелеген аудандарында мал дәрігерлік анықтамасы сатылып келсе, енді бір аймақтарда ол тегін берілген», – деді Кәсіпкерлер палатасының өңірлік директоры Игорь Шацкий.

Сонымен қатар, Кәсіпкерлер палатасының өңірлік директоры Игорь Шацкий өз сөзінде: «Біз облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен ҚР кәсіпкерлерінің «Атамекен» Ұлттық палатасы бірге жұмыс істей отырып, мал дәрігерлік анықтамасы үшін ақша төлеу талабы туралы жазылған заң бөліміне өзгеріс енгізуге ұсыныс жасап, бастама көтерген болатынбыз», деп атап өтті.

Бұл бастамадан соң мал дәрігерлік анықтамасын беру ережесі мен олардың бланкілеріне қойылатын талаптар алынып тасталды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер