«Ақ жол» Парламентте кәсіпкерлер мүддесін қорғайды
Орал өңірінде «Ақ жол» партиясының сайлауалды компаниясы өз жұмысын бастады
«Ақжолдықтар» кәсіпкерлерге мәжілістің жаңа құрамымен қандай шаруалар атқаратыны туралы әңгімелеп берді.
Аймақтық кәсіпкерлер палатасында өңірдің бизнес өкілдері Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа мүшесі, «Атамекен» ҚР ҰКП Жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің төрағасы Азат Перуашевпен кездесті.
БҚО кәсіпкерлер Палатасы өңірлік кеңесінің, «Конденсат» АҚ компания тобының төрағасы Валерий Жунусовтың айтуынша, мәжілістің V шақырылымында «Ақ жол» париясының депутаттар фракциясы өз біліктіліктері мен ауызбіршілігін көрсетті. Олардың атқарған шаруаларын мына көрсеткіштер бойынша бағалауға болады: «Ақ жол» депутаттары Азматтық процессуалдық кодекске 65 түзету енгізіп, оның 43-і қабылданды. Ал құқық актілеріне 20 түзету енгізу ұсынысы жасалды (оның 10-ы мақұлданды). Миграция мәселелері мен халықты жұмыспен қамту заң жобасына 15 түзету (оның 14-і қолдау тапты) жасау туралы ұсыныс айтты. Жаңа білім беру заңына қатысты 43 түзету енгізіліп, оның 34-і қабылданды. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында оның шарттарын түбегейлі жақсартуға байланысты бірнеше заң актілеріне 22 түзету-өзгеріс жасалып, оның 15-і мақұлданды. «Бұл жай ғана сандар емес. Бұл көрсеткіштер партияның кәсіпкерлер мүддесін алға тартып жүргендігінің дәлелі. Әрине, бұл ұйымның қазақстандықтардың мақсат-мүддесін өзге салалаларда да қорғап жүргенін көріп жүрміз», – деді Валерий Джунусов.
Орал өңіріндегі бизнесмендерді қарсы алған Азат Перуашев: «Біздің «Ақ жол» париясы сайлауалды компаниясының жұмысын бірінші күні Батыс Қазақстан облысында бастады. Бұл кездейсоқ емес. Біз Қазақстан дамыған, табысты еуропалық мемлекеттер тәжірибесіне сүүйене отырып дамуы керек деп есептейміз. Ал Батыс Қазақстан облысы Еуропа территориясымен шектеседі деп айтуға болады. Яғни, біз бұл арқылы «Ақ жолдың» еліміздің дамуы үшін еуропалық векторды, еуропалық стандартты әрі еуропалық бизнес әдістерін таңдағанын көрсеткіміз келді», – деді.
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасы Азат Перуашев депутаттыққа кандидаттар арасында Батыс Қазақстан облысынан 2 адамның бар екенін айтты. Олар БҚО Кәсіпкерлер палатасы директоры Кеңес Әбсәтіров, профессор, М.Өтемісов атындағы БҚМУ экономика кафедрасының жетекшісі Лилия Мергалиева. «Біз алғашқы кездесуімізді Кәсіпкерлер палатасында тегіннен-тегін бастап отырған жоқпыз», деп сөзін жалғастырды «Ақ жол» партиясының көшбасшысы. «Партия үшін негізгі мақсаттардың бірі – кәсіпкерлікті дамыту. Нарықтық экономиканың күшеюі дағдарысқа қарсы бағдарламаның негізгі құралы болмақ. Дағдарыс дегеніміз не? Бәріміз байқағанымыздай, ішкі нарықтағы шикізаттар, әсіресе, мұнайға қатысты бағаның құбылуы ұлттық валютамыздың тұрақсыздығына әкеп соқтырды. Мұның бәрі экономикамыздың шикізат ресурсына байлаулы, тәуелді болуымен тікелей байланысты. Оның орнына біз өндіруші экономикамызды аяқтан тік тұрғызуымыз қажет. Қазір халық дағдарысты азық-түлік, киім-кешек, тұрмыстық-шаруашылық төлемдер бағасының қымбатшылығынан сезініп отыр. Біз бұл дағдарысты шикізат қорын жұмсап-тауысатын сауда немесе тұтынушылық экономика арқылы емес, өндіруші, дайын өнімдерді шығару, кәсіпкерлік арқылы жеңе аламыз».
Сондай-ақ, Азат Перуашев партияның Кәсіпкерлік кодекс сынды үлкен өзгерістер алып келген заңдардың дұрыс жұмыс істеуі үшін көп жұмыс істегенін атап өтті. Бұл жерде бірінші рет «кәсіпкердің кінәсіздік презумпциясы» түсінігі енгізілді. Бұған дейінгі заңда кәсіпкерді алдын ала «қылмыскер» ету қиын емес еді. «Кез келген кәсіпкерден заң бұзушы жасауды қою керек!» деген сөзіне жиынға қатысқан бизнес өкілдері қол соғып, қолдап жатты.
«Сонымен қатар, біз шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету заңының негізін қаладық. Президент шағын және орта бизнеске қолдау көрсету туралы үнемі айтып келеді. Шағын бизнес көптеген артықшылықтарға ие, оның себебі, салық салуға қатысты жеңілдіктер жасау оңай. Ал салық бойынша инвестиция, жеңілдіктерге қатысты заң бойынша алдын ала салған қаржыны қайтару жеңілдігіне байланысты ірі бизнес те қолдау табады. Түптеп келгенде, орта бизнеске ешқандай қолдау жоқ. Ал негізінде дәл осы бизнес өкілдері халыққа ең қажетті тұтыну заттарын өндіреді», – деп атап өтті Азат Тұрлыбекұлы. «Ал өндірушілерге көмек көрсетпесек, дағдарысты қалай жеңеміз?» деп жалғастырды өз сөзін партия лидері.
Ары қарай Азат Перуашев партияның негізгі кәсіпкерлікке қатысты бағдарламаларына тоқталып өтті. Жиынға қатысқан кәсіпкерлер партия міндеттері мен мақсаттарын қолдап, оларды «өзекті әрі түсінікті, ең бастысы, маңызды» деген баға берді.
Кездесуде «Жайық ДЕНТ» ЖШС директоры Меруерт Мусина, «Цветущие сады» ЖШС директоры Елена Уланова, жеке кәсіпкер Ольга Мякушина, «Ұлттық стандарт» сертификация орталығы» ЖШС директоры Нәдір Құрымбаев және т.б. өз ойларымен бөлісті. Кәсіпкерлер салықтық басқару және есеп беру, есептерді бұғаулаудан бас тарту, егер есеп беруде қандай да бір жетіспеушілік мемлекет бюджетіне зиян тигізбеген жағдайда айыппұл төлеуден бас тарту, шағын және орта бизнес үшін салық демалысы сынды мәселелерге қатысты партия ұстанымдарына жақсы пікір білдірді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: