«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мүлікті заңдастыру – өзекті тақырып

2016 жылғы 22 Ақпан
- Маңғыстау облысы
12775 просмотров

Шет мемлекеттегі кірістер мен пәтерлер санын жария ететін мезгіл әлдеқашан жетті

Маңғыстау облысы кәсіпкерлер Палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Талғат Ноғаевтың айтуынша, соңғы жылдары әлемде жаңа үрдіс пайда бола бастады, яғни ел аумағынан тыс жерде жасырын сақталып келген мүлікті бүгінде жасыру мүмкін емес болып отыр. 

«Америкалық салық органдары салық төлеуден жалтарғандарды анықтау жұмыстарын мықтап қолға алған. Батыстың бұл бастамасын өзге алпауыт елдердің де салық органдары өздеріне енгізу арқылы шындыққа көз жеткізіп отыр. Жуық арада салық туралы мағлұматтар жинақтау мақсатында, онлайн тәртіпте мемлекеттер арасында «автоматтық айырбастау» халықаралық жүйесі енгізілмек. Бұл, заңсыз қаржы айналымына тосқауыл қойылады дегенді білдірсе керек. Яғни, салықтан жасырып келген қаржыны бұдан былай жасыру мүмкін болмайды», – дейді ол.

ҚР Қаржы министрлігінің төлем теңгерімі негізінде жинақталған статистикалық мәліметіне сәйкес, 2007 жылдан бастап ақшалай қаражаттың жылыстауы шамамен 20 млрд. АҚШ долларын құрап отыр. Сырт мемлекетте сақталып келген қаржының көлемін ескере отырып, кірістер мен шығындарды декларациялау мақсатында, 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап мүлікті заңдастыруда жаңа мүмкіндіктер берілді. Еліміздің үкіметі мүлік пен ақшаны декларациялауға ниет білдірген азаматтарға барынша жеңілдіктер жасады.   

Бүгінде кез-келген азамат екінші деңгейлі банкте сақталып келген қаржысын жария етуге құқылы және өз қажеттілігіне жарату үшін қажетті көлемдегі ақшасын банктен шешіп, қалағанынша жұмсауына шектеу жоқ. Ал ақшадан 10 пайыздық комиссия бұрынғыдай ұсталынбайды.  

Ал бұрындары мүлікті заңдастырып алған азаматтар болса, өз қаражатын қайтарып алуына да болады, себебі арнайы нормалар қабылданған, яғни «заңның кері күші» бар екендігі тағы ескеріледі. 

Аталмыш бағдарламаға қатысатын тұлғаларға қатысты құқықтық кепілдік толықтай ескерілген болатын.

Ең бастысы, алынған мәліметтер құпиялылығын сақтау болып табылады. Осындай ақпараттың құпиялылығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес кепілдендіріледі. Банктік, салықтық және қызметтік құпияны сақтау міндетті түрде ескерілетін болады. Ал мемлекеттік және құқық қорғау органдары бекітілген талаптарды орындамаған жағдайда, оларға қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

«Егер де бұрындары жүргізілген заңдастыру процесіне көз жүгіртсек, заңды талаптарды орындаған бірде-бір адам қудаланған емес. Бұл дегеніміз, мемлекет өз сөзінде тұра алатынын көрсетіп отыр. Демек, осындай мүмкіндікті жіберіп алмай, мүлікті жариялауға белсенді қатысу қажет», – дейді Маңғыстау облысы кәсіпкерлер Палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Талғат Ноғаев.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер