«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Маликаның философиясы

2016 жылғы 22 Ақпан
- Ақтөбе облысы
10044 просмотров

Ақтөбеде Малика Дүйсенбаеваның авторлық ұлттық киімдер брендінің сәндік көрсетілімі өтті

Ақтөбелік келешегі зор кәсіпкер әрі талантты дизайнер, Ақтөбе облыстық Кәсіпкерлер палатасының жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Малика Дүйсенбаева Қазақстанда ғана емес, шет жерлерде де танымалдыққа ие бола бастады. Сәнгердің ұлттық костюмдері Түркия мен Ресейдегі байқауларда үздік деп танылды.

Малика мерекелік және қазіргі заманғы киімдерді ұлттық стильде тігеді. Шебердің клиенттері арасында эстрада орындаушылары, түрлі халықаралық байқауларға қатысушылар бар. Шетелдік кутюрьелердің той көйлектерін алғаннан гөрі, қалыңдықтар отандық сәнді киімдерді көбірек таңдайтын болды.

Оның жұмыстары эксклюзивтігімен көзге түседі және даралықты  бағалайтындарға қатты ұнайды. Көйлектер мен костюмдер заман талабына лайықтылығымен, ұлттық иірімдерді ебін тауып үйлестіруімен ерекшеленеді. Қазақ өрнектері құпиялығымен, әсемдігімен баурап алады. Дизайнер мұндай киімдер қазіргі заманғы әрбір қазақстандықтың шкафында болуы тиіс деп есептейді.  

«Мені жастардың осы өнерге қызыға бастағаны қатты қуантады. Өзімнің де осындай әрі ыңғайлы, әрі ұлттық өрнекке толы заттарды көбірек шығарғым келеді. Ерлер костюмдері мен пиджактарын еуропалық үлгімен, бірақ ұлттық бояумен ерекшелей отырып тігеміз», – дейді Малика Дүйсенбаева.

Дүйсенбаеваның киімдерінде өзіндік нәзік ой-толғамдары көрініс тапқан, олар ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан жан жылуын, бір-біріне деген сүйіспеншілігін жеткізеді.

Көрермендер талқысына дизайнер өзінің ең үздік 12 жұмысын ұсынды, олардың әрқайсысы ерекше талантпен тігілген.

ӨКП бөлім бастығы Дамиля Құнанова дизайнерге ұлттық брендті ілгерілеткені, креативті және шығармашылық ізденісі үшін алғыс хат тапсырды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер