«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

МЖС-нің серпінді жобалары

2016 жылғы 19 Ақпан
- Ақмола облысы
8991 просмотров

ӨКП мен Ақмола облысы Жарқайың аудандық әкімдігі мемлекеттікекеменшік серіктестік орнату туралы келісім жасасты

Мұндай келісімге ӨКП ақпараттық тобының Жарқайың және Есіл аудандарына жасаған іссапары барысында қол жеткізілді. 

Өңірлік палата бизнес-қоғамдастықтарды «МЖС» және «Ауылшаруашылығы кооперациялары туралы» заңның жүзеге асырылуымен таныстыру мақсатымен өңірлерді аралауды жалғастыруда.

ӨКП директоры Уәлихан Ғабдуллиннің ұсынысы бойынша МЖС аясындағы бірлескен жұмысты  үйлестіретін жұмыс тобы құрылмақ.

Осындай жолмен «мемлекеттік жекеменшік серіктестіктің өзара принциптерін реттейтін икемді әрі тиімді механизм қалыптастыра алатынымызға сенімдімін», – деді Уәлихан Ғабдуллин.

Өңірлік палата директорының орынбасары Фатима Герфанованың айтуы бойынша бүгінгі күнде ауданда МЖС бойынша 31 жоба тіркелген, оның көпшілігі әлеуметтік жобалар.

Палата жергілікті МЖС жобаларына қатысатын кәсіпкерлер реестрін қалыптастырды, сондай-ақ ӨКП-ның жобаларды, мониторингтерді, конкурс процедураларын әзірлеу жұмыстары қарастырылды. 

Кездесу барысында кәсіпкерлер МЖС-нің мүмкіндіктер мен шарттарына қызығушылық танытты. Жарқайың ауданының әкімі Асқарбек Өсімбаевтың сөзіне сенсек, екі серпінді жоба – балабақша мен мектепті қалпына келтіру жұмыстары іске аспақ.

Аймақтағы бірқатар кәсіпкерлер оған провайдер ретінде қатыса алады. Мемлекеттік органдар қолдау көрсетіп, төлем, инженерлік инфрақұрылым бойынша барлық қызметті көрсетпек.

Сонымен қатар бизнес өкілдері аудандағы мәдениет үйінің қайта жаңғыртуға да қызығушылық танытты.

Кездесу барысында «Ауылшаруашылығы кооперациялары туралы» заңның механизмдері және шарттары талқыланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер