«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Дағдарысқа қарсы апталық» өткізіледі

2016 жылғы 18 Ақпан
- Алматы қаласы
4484 просмотров

Белгілі кәсіпкер Алматы облысындағы кәсіпорындарға тегін аудиттік және консалтингтік көмек көрсетпек

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Алматы қалалық филиалы мен «Tarlan PM Group» консалтингтік компаниясы бірлесе отырып, шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған «Дағдарысқа қарсы апталықты» бастады. Бұл туралы «Tarlan PM Group»  компаниясының директоры Қайрат Құдайбергенов ФБ-парақшасында мәлімдеді. 

Қазіргі дағдарыс жағдайында құлдырауға ұшыраған сәтсіздіктерінің басты, негізгі себебі - жүйелік менеджменттің, маркетингтік шаралардың дұрыс жүргізілмеуі. Мұндай қорытындыны белгілі кәсіпкер   Қайрат Құдайбергенов нарыққа жүргізген аудит нәтижесінде шығарды. Және сол кәсіпорындарға жаңа бағыт-бағдар беру арқылы, пайданы ұлғайтып, компанияны дағдарыстан алып шығуға болатынын өз тәжірибесінде дәлелдеді.

Кәсіпкер бұл туралы: «Нарықты зерттей келе, консалтингтік көмекті қажет ететін компаниялардың көп екеніне көзім жетті. Әрине, кез-келген компанияның «McKinsey» немесе «Deloitte»  аудитіне жүгіне алмасы анық. Алайда тығырықтан шығудың жолы қашанда бар.  Мәселен, біз «Атамекен» ҰКП-дағы  білікті консалтинг мамандардың көмегімен «Tarlan PM Group»   компаниясының жұмысын ой-талқыға салып, тың жетістіктерге жеттік. Сондықтан, өзге кәсіпорындарға да осындай көмек көрсетуді көздеп отырмыз. Бірақ бұл жолы негізгі консалтингтік қызметті «Tarlan PM Group» компаниясы жүргізеді»,– дейді.

Әзірге жоба  180 мыңға тарта кәсіпорны бар Алматы облысын ғана қамтып отыр. Себебі, "Tarlan PM Group»  компаниясы тек Алматы облысының көлемінде ғана  жұмыс істеп келеді. Алайда бұл тек Алматы облысымен ғана шектеліп қалады деген сөз емес. Шараның бастамашысы, кәсіпкер Қайрат Құдайбергенов: «Бұл - біздің пилоттық жобаз. Сондықтан әзірге тек Алматы облысының   кәсіпкерлеріне ғана жариялап отырмыз. Егер өзге өңірлерден де өтініш түсер болса, мүмкін онлайн көмек көрсететін шығармыз», – дейді.  

Шара барысында жобалау, ұйымдастыру, дағдарысқа қарсы басқармалардың білікті мамандары ШОБ өкілдерінің өтінішін қарап, дағдарыс жағдайында бизнес жүргізуге тиімді әрі тәжірибелі  ұсыныстар беріп, стратегиялық жоспарларын  жасайды. Негізінен  аудиттік  және консалтинтік бағдарламаның жалпы құны - 5-10 мың АҚШ доллары шамасында. Ал «Tarlan PM Group» компаниясының әлеуметтік жауапкершілігі аясында компанияларға консалтингтік қызмет тегін көрсетіледі.

Жобаға қатысу туралы өтініштер ақпан айының 15-20 ақпаны аралығында қабылданады. Одан кейін өтініш білдірген компанияларға аудит жүргізіліп, 15 наурызға дейін қорытынды шығарылады. Әр компанияның кемшін тұстары көрсетіліп, қажетті көмектер көрсетіледі. Бұл еліміздегі кәсіпкерліктің дамуына тамшыдай болса да көмек болары сөзсіз.

Ұсыныстың үлгісін m.khasanova@palata.kz электронды адресіне сұраныс жіберу арқылы алуға болады. Телефон: 8 7272 25 18 30.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер