«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауылда да бизнес үшін жер тапшы

2016 жылғы 18 Ақпан
- Маңғыстау облысы
12121 просмотров

Жер телімдерін алу мәселесі ауыл кәсіпкерлері үшін де өзекті болып отыр

«Жұмыс және микронесиелеу» акциясының аясында Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары «Нұр Отан» партиясының, аудандық әкімдіктің, «Даму» қорының, жұмыспен қамту орталығының өкілдерімен бірге «Бизнестің жол картасы – 2020», «Жұмыспен қамту – 2020», «Өнімділік – 2020», «Агробизне – 2020» мемлекеттік қолдау шараларын, «Бизнес-кеңесші», «Бизнес-өсім» оқыту бағдарламаларын, КҚО қызметін түсіндіру мақсатында Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылында болды.

Кездесуге өз бизнестерін ашып, микронесие алуды жоспарлап жүрген ауыл тұрғындары келді. Жалпы барлық ауыл тұрғындарының айтар мәселесі жер теліміне қатысты. Себебі, бірнеше жыл бұрын облыс бизнес үшін, жеке тұрғын үй үшін жер телімін бөлуді доғарған. Жер телімдері қатаң түрде аукцион арқылы берілуі тиіс. Аукцион бұрын өткізілмеген, бірақ осы жылы өткізу жоспарда бар, дегенмен нақты қай күні екенін ешкім дөп басып айта алмайды. Ауыл тұрғындарының ойынша, бизнеспен айналысқың келсе, өз участігің болғаны дұрыс, себебі жалға алу өте қымбат және тарифтер рекордты бағада ұшып тұр.

«Жас кәсіпкер мектебі» жастар тарапынан қызығушылық туғызды. Бүгінде ауыл тұрғындары мал шаруашылығымен айналысады. Анықталғандай, көпшілігі шаштараз, азық-түлік дүкені, дәріхана, балабақша, тігін цехы, ет павильоны, шағын кафе мен асхана ашқылары келеді.   

Өз проблемасы жайлы енді ғана бизнес бастаған Гаухар Есетова айтып берді. Оның сөзінше, ол екі жыл бойы киізден түрлі үй керек-жарақтары мен зерлер дайындайды. Цехтың болмауынан, тар пәтерде жұмыс істеуге тура келеді.

«Барлық таныстарым сияқты, менде өз жер телімім болғанын армандаймын, шағын тігін цехын тұрғызып, киізден түрлі заттар дайындағым келеді. Жұмысымды кеңейіп, команда жинап, өз тәжірбиемді басқалармен бөліссем деймін. Мен тиісті органдарға жүгіндім, менің өтінішіме назар аударады деп ойлаймын, көздеген мақсатыма жете алатыныма сенемін»,– дейді ол.

ӨКП Адам капиталын дамыту бөлімінің басшысы Гүлжан Шәймерденова ауылдықтарға кәсіпкерлер орталығына барып, түрлі кеңестер мен керек ақпараттар, сегіз қызмет түрі бойынша әр түрлі сервистер алуға болатынын жеткізді.

«Егер шағын және орта бизнестің аймақ экономикасындағы рөлі жыл сайын өсе беретін болса, онда жаңа кәсіпкерліктер ашылып, аймақ тұрғындары жұмыспен қамтылып, бюджетке түсім түседі. Менің ойымша, тұрғындардың бизнеспен айналысуға қызығушылықтары бар, сондай-ақ оларға бөгет болатын мәселелер де жоқ емес. Ауыл тұрғындарының өтініші жерде қалмай, керек құрылымдарға жеткізіледі»,– деп айтты ол.

Жалпы акцияға қатысқан ауыл тұрғындары барлық сұрақтар бойынша тиісті жауаптарын алды. Шараны ұйымдастырушылардың ойынша, акция  өз бизнесін ашқысы келетін тұрғындар үшін қызықты және пайдалы болды, бұл жақсы дәстүр аймақтың басқада аудандарында өз жалғасын  табады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер