«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Терминал орнатудың мерзімін ұзарту керек!

2016 жылғы 18 Ақпан
- Ақтөбе облысы
11582 просмотров

«Алтай» нарығының 160 кәсіпорны POS-терминалдарды орнату мерзімін ұзартуды сұрайды

Жалға алушылардың ұжымдық үндеуі Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасына келіп түсті. Олардың арыздануының негізгі себебі 2014 жылғы 29 қазандағы ҚР Үкіметінің қаулысы болып отыр. Қаулы бойынша арнайы салық ережесіне сай  жұмыс істейтін жеке кәсіпкерліктер мен заңды тұлғалар 2016 жылдың қаңтар айынан бастап POS-терминал қолдануға және орнатуға міндеттелген болатын.

«Заң бізді, жалға алушыларды, терминал орнатуға міндеттеп отыр. Алайда терминалдардың нарықтағы бағасы 90 мың теңге. Жалгерлік келісімшартына сай біз екінші деңгейлі банктерден 20 мыңға сатып алуымызға болады. Бірақ оларға комиссиялық төлемнен пайда түсу үшін, белгілі бір соманы ай сайын айналдырып тұруымыз керек деген шарттары бар. Олай болмаса банктер үшін бізге мұндай қызмет көрсету тиімсіз болады», – дейді патент бойынша жұмыс істейтін жалға алушылар.

Олар сауданың бірден түсіп кеткеніне шағымданып отыр. Және олардың көпшілігі қаржылық қиындықтарға байланысты өздерінің жалға алу бойынша жиналған қарыздарын өтей алмай жүр.

«90 мың теңгеге терминал сатып алу бізді банкротқа ұшыратады. Қазіргі уақытта біздің толық бір айлық табысымыз банктің талап етіп отырған сомасының жартысын да құрамайды. Оның үстіне біздің тұтынушыларымыз тек қолма-қол ақшамен төлейді», – деп кәсіпкерлер Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасының дөңгелек үстелінде наразылықтарын білдірді.

Бұдан бөлек қазіргі уақытта тұтынушылар мен жалға алушылар терминалдарға мұқтаж емес. Себебі, нарықтың бірінші қабатында банкоматтар саны  жеткілікті.

Осыған байланысты өңірлік бизнес өкілдері Кәсіпкерлер палатасынан ҚР Үкіметінің қаулысына өзгеріс енгізуге ықпал етуін сұрады. Нақтырақ айтқанда, қаулының терминал орнату міндеттемесі туралы тұстары мен айналым сомасын қайта қарауды немесе терминалдарды орнату дағдарыс аяқталғанша ұзартуды өтінді. 

Дөңгелек үстел соңында аталған мәселені ҰКП-ның қарауына жіберу туралы шешім қабылданды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер