Мемлекет пен кәсіпкерлік арасындағы үндестік
Қостанайдағы құрылыс компаниялары мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шарттарына қызығушылық танытып отыр
Оны жүзеге асыру тетіктері өңірлік Кәсіпкерлер палатасында талқыланды.
Облыс орталығының бизнесмендері және аудандар мен шағын қалалардағы Кәсіпкерлер палатасының бөлімшелерінің өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткен болатын.
Кездесу барысында аталған мемлекеттік жобаға қатысты мәселелер түсіндірілді. «Тобыл» МЖС ӘКК орталығының директоры Бақытбек Молдахалықов мемлекет пен бизнес арасындағы серіктестіктің артықшылықтарын атап көрсетті. Қатысушылар да ең алдымен серіктестікке қатысты сұрақтар қойды.
Нақтырақ айтқанда, «Қостанай ҰББ» құрылыс компаниясының өкілдері МЖС жобасы шеңберінде салынатын жаңа үй құрылысы үшін дайын инфрақұрылымы бар жер телімдеріне қол жеткізу мәселелеріне тоқталды.
«Мұндай құрылысты жүргізуге болады. Жер телімі беріледі, коммуникация тұрғын үйлер құрылысы жүріп жатқан аудандарда жүргізіледі. Бірақ айтар кетерлік жайт, МЖС бойынша берілетін жер телімдері ұзақмерзімді қолданысқа арналып отыр. Кәсіпкерге түгелдей бере алмаймыз. Ал ұтымды тұсы, егер «Тұрғынүй Жинақ банкі» арқылы мемлекеттік бағдарлама шеңберінде тұрғынүйлерді өткізетін болса, онда салынатын үйлердің сапасы жайлылық классына сай келуі керек»,- деп тоқталды Бақытбек Молдахалықов.
Кездесу барысында өңірлік бизнесмендердің мәселелері де қарастырылды. Олар МЖС аясында жобаларды қадағалау функциясының құқықтық негізделуі туралы сұрады.
«Мұндай қадағалауды реттейтін келісімшарттың типтік формасы бар. Ол ҚР заңнамасы шеңберінде жекеменшік иесінің де, мемлекеттің де мүддесін қорғайды. Келісімшартқа түзету енгізу тек серіктестің жеке нормаларды тіркеуіне байланысты болмақ», –деп қадап айтты Молдахалықов.
Айта кетейік, «Атамекен» ҰКП мен өңірлік Кәсіпкерлер палатасы облыстық деңгейде МЖС жобаларына қатысатын кәсіпкерлер тізімін жасауда. Әзірге алдын-ала біліктілік тексеруден өтпесе де тізімге енуге мүмкіндік беріліп отыр.
«Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» – «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның құрылымдық бөлімшесі. Бұл құрылым МЖС жобаларын сараптаудан өткізіп, оларға әдістемелік бағдар және кеңес берумен айналысады. Егер бұрын жоспарлаудан бастап МЖС жобаларының мақұлданғанына дейінгі барлық іс-шаралар мемлекеттік деңгейде өтуі керек болса, енді бұл мәселерді өңірлік өкілдіктер тез арада шешуге мүмкіндіктері бар.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: