Жерде жатқан 70 миллион жоқ
Осынша қаржыны қызылордалықтар өңірлік палата арқасында үнемдей алды
Кәсіпкерлер палатасы ұсынған ақпарат бойынша қаңтар айында оларға өңір бизнесмендерінен 27 арыз келіп түскен. Көп жағдайда кәсіпкерлер өз мүдделерінің өңірлік палата тарапынан барлық сот инстанцияларында, сонымен қоса заң құжаттарын рәсімдеу кезінде қорғалуын сұрайды.
Бүгінгі күні сотта кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қорғау жолымен олардың құқығы қорғалып, 12 миллион теңгеден астам сома кәсіпкерлер қалтасында қалған. 4 кәсіпкер үшін талап ету арызы даярланып, нәтижесінде орта есеппен 2 миллион теңгеден астам сома үнемделген.
Бұдан басқа, Палатаға құрылтайшысы облыс әкімдігі болып саналатын қор тарапынан шарттық міндеттемелердің орындалмауы туралы дауды шешуде қолдау сұрап бір кәсіпкер хабарласқан. Палата сарапшыларының бұл мәселені егжей-тегжейлі пысықтау нәтижесінде кәсіпкерге 57 миллионнан астам теңге көлеміндегі шарттық сома төленді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: