«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы Туризмді дамытудың Жол картасын әзірлеуге кірісті

2016 жылғы 16 Ақпан
- Алматы қаласы
8580 просмотров

Жұмыс тобының отырысы күн сайын өтетін болады

ӨКП Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп, қажетті қаржы көлемін анықтай отырып, Туризмді дамытудың жол картасын әзірлеу бойынша Жұмыс тобын құрды. Консультативті-кеңесшілік органның құрамына Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы, Туристік сала комитеті, Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыс басқармасы, Алматы қаласы Білім басқарамасы, Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Көлік инфрақұрылымдарын перспективті дамыту бөлімі, «Қазақстан туристік қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан қонақ үйлері мен мейрамханалар қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан туристік агенттіктері қауымдастығы» ЗТБ, Хостелдер қауымдастығы, Туризм және қонақжайлық индустриясы колледжі, Туристік ақпарат орталығы, ҚР Автотасымалдаушылар одағы, Қазақстан автомобиль бизнесі қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ, турагенттік (Mango Travel, Touroperator Кompas, Almaty City tour, Sabre Travel Network, ТОО «Саяны-ТУР», goTur.kz, «Воронцова И.А» ЖК) басшылары  кіреді.      

Негізгі жұмыс 9 бағыт бойынша жүргізіледі: қонақ үй бизнесі, көлік, қоғамдық тамақтану орындары, туристік қонақжайлық нүктелері, визалық, шекаралық және кедендік мәселелер, салық төлеу, сыртқы жарнама орналастырудың төлемдері, кадр дайындау, ақпараттық қамтамасыз ету, маркетинг. Жұмыс тобының отырысы бір тақырыпта күн сайын Алматы қаласы ӨКП-да өткізіліп тұрады.     

Жұмыс тобы отырысының аясында туризм саласын дамытуға қабілетті нормативті-құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ұсыныстар жинақтау және күрделі мәселелерді талқылау бойынша туристік ұйымдар, Алматы қаласы туризмді дамытудың жол картасын жүзеге асыру және әзірлеу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік мекемелер мамандарының қызметін үйлестіру жоспарланады.

Еске сала кетсек, Алматы қаласындағы туризм дамытудың жол картасын әзірлеу идеясын «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев және Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен өткен кәсіпкерлердің жыл сайынғы ІІ конференциясы кезінде ӨКП директоры Юрий Тілеумұратов көтерген болатын. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер