«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкер айып төлеуге міндетті емес

2016 жылғы 15 Ақпан
6687 просмотров

«Сатыбаев» шаруа қожалығы келісім-шарттағы міндеттемелерді орындамағаны және сметада белгіленген шығындарды асырып жібергені  үшін айыпталған

Талап арызды сотқа Успенск ауданының тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы бөлімі түсірді. Бұған облыстық ревизия комиссиясының қаулысы себеп болған. Яғни, кәсіпкер жұмысты толық негізде орындамаған әрі бюджетке 188 400 теңге қарыз болып қалған.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары артық есептелген салық сомасын өндіру туралы арыздың талаптарын қарап, оны заңсыз әрі негізсіз деп тапты.  

«Кәсіпкердің өтініші бойынша біз мұқият тексеру жүргіздік. Барлық детальды сараптап, сот назарына түбегейлі дәлелдер ұсындық. Яғни, мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісім шарттың міндетті бөлігін шаруа қожалығы толық көлемде орындаған. Сонымен қатар, салық есептік кезеңінде де шаруа қожалығы ҚР Салық Кодексінде қарастырылған көлемде салығын төлеген. Сондықтан, тағылған айыптың дұрыс еместігін сотта дәлелдеп, біз кәсіпкерлердің заңды мүддесін қорғап қалдық», – деді Облыстық палатаның сарапшысы Әлішер Қандыбаев. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер