«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Балық та жейміз, экологияны да сақтаймыз

2016 жылғы 12 Ақпан
9449 просмотров

ҰКП браконьерлік әрекет салдарымен байланысты мәселелерді шешуді ұсынып отыр

«Атамекен» ҚР ҰКП кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға кедергі болатын заңнама нормаларын анықтау бойынша тұрақты түрде жұмыс жасап келеді. Мәселен 2014 жылы кәсіпкерліктің дамуына кедергі болатын инертті нормаларды алып тастау жұмыстары аясында балық аулау кезінде қармақ бауларын қолдануға салынған тыйымды алып тастау мәселесі көретілді.

ҰКП Қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс жасау жөніндегі департамент директоры Ербол Өстеміровтың айтуынша, бұл мәселенің АШМ Балық шаруашылығы комитеті (қазіргі ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті) өкілдерінің қатысуымен «Атамекен» ҚР ҰКП базасында ұзақ уақыт бойы талқылануының нәтижесінде балық аулау кезінде қармақ бауларын қолдануға салынған тыйымды алып тастау шешімі қабылданған. Тиісінше олардың өлшемдері шектелетін болды (баулардың диаметрі 0,5 миллиметрден кем емес ал ұяшықтар өлшемі 100 миллиметрден кем емес).

Алайда қазір балық аулаумен айналысатын Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлері тарапынан  қолданыстағы аулардың өлшемдерін шектеуге қатысты талаптарды қайта қарастыру туралы өтініштер жиі түсуде. Өстеміровтың айтуынша бекітілген шектеулер кәсіпкерлерге құзіретті орган бөлген үлестемені игеруге мүмкіндік бермейді және браконьерлік фактілердің артуына жағдай жасайды. Бұдан бөлек қолжетімді ресейлік ірі компаниялар өндіретін балық ауларының өлшемі жоғарыда көрсетілген бұйрықтағы өлшемдерден кіші.

Тасталған аулар салдарынан суқоймалардың ластану проблемасын браконьерлік, ауларды заңсыз орналастыру фактілерін анықтау бойынша биркаланбаған ауларды алып тастау өкілеттігі бар мемлекеттік бақылауды күшейту.

Осыған байланысты ҰКП Ауылшаруашылығы министрлігіне қолдануға рұқсат етілетін қармақ бауларының өлшемдерін өзгерту мәселесін бүге-шүгесіне дейін зерттеу туралы ұсыныс тастады. Сонымен бірге табиғат пайдаланушыларының әрбір құрылымы ішінде бекітілген балық аулау аумағын тасталған аулардан тазарту жөніндегі қызметкерлер штатын құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Бұл шаралар браконьерлік әрекет (оның ішінде қармақ баулары мен шүберектен жасалған баулар) салдарынан туындаған қолайсыз жағдайларды болдырмауға септігін тигізбек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер