Қытай перспективалары
Кәсіпкерлерік шығындарды азайту және Қытаймен арадағы әріптестік шекараларын кеңейту
«Silk Road City» бірлескен кәсіпорны осындай мақсат қойып отыр
«Кәсіпорындардың халықаралық саудадағы және шетелге инвестиция салудағы жеткіліксіз тәжірибелері Қазақстан мен Қытай аймақтары арасындағы сауда қарым-қатынастарының дамуын тежеп отыр», – дейді компанияның Бас директоры Аслан Қаржаубеков. Соған қарамастан, қытай нарығының қазақстандық өнімдерге деген сұранысы жоғары.
«Silk Road City» БК» ЖШС өткен жылдың соңында құрылып, Қарағанды облысының бизнесмендерін мамандардың кеңесімен қамтамасыз етіп, өздерінің кешенді қызметтерін ұсынып келеді. Бұл жайлы Кәсіпкерлер палатасының Қарқаралы аудандық филиалында өткен кездесуде компания өкілдері хабарлады.
«Кәсіпкерлерде туындаған мәселелерді шешу үшін, біз екі тарапқа да қызмет көрсеткіміз келеді. Біздің тәжірибеден байқалғандай, көп кәсіпкерлерде алдын ала ақпараттар болмайды, жәрмеңкелерден соң, әдеттегідей, келіссөздер жасап, келісім-шартты соңына дейін іске асыруды ешкім қолға алмайды. Бәрі кейінге ысырылады. Кәсіпкерлер ақыр аяғында өзара байланыстарын жоғалтып, әлі басталмаған, тағы бір әлеуетті серіктесінен айрылады», – деді Аслан Қаржаубаев.
Сондай-ақ, екі жақтың да кәсіпорындарында саяси ахуал, заңнамалар жайлы ақпарат болмайды, өзара түсініктік жетіспейді, тіпті сол кәсіпорындардың нашар дайындығы көрініп қалады. Осының бәрі келіссөздер кезінде байқалады.
Аслан Қаржаубековтың сөзіне сенсек, енді Қарқаралыдағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, келісім-шартты соңына дейін аяқтап бере алатын компания қызметіне жүгіне алады.
«Біз бұл жердегі кәсіпорынның шетел нарығына шығуына жағдай жасаймыз – маркетингтік стратегиясын әзірлеп, тауар өткізетін арналар, нақты жобалар бойынша инвесторлар табамыз», – деді ол.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: