«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауыл тұрғындарының үміті ақталды

2016 жылғы 12 Ақпан
- Солтүстік Қазақстан облысы
6824 просмотров

Салық қызметкерлерінің шектен тыс талаптары кәсіпкер ісін банкротқа ұшырата жаздады

Жеке кәсіпкер Надежда Сеньковская Есіл ауданы Оседлое ауылында 2013 жылдан бері халық тұтынатын тауарлар сатумен айналысып келеді. Оның сауда орнында ауыл тұрғындары үшін ең қажетті тауарлардың бәрі бар. Ал сатып алушылар болса, Надеждаға сауда жасау үшін ғана емес, ауыл жаңалықтарымен бөлісу үшін баратын.

Алайда кәсіпкер өз ісі мен саудасын тоқтата тұруға мәжбүр болды. Себебі, оның тапқан-таянғанының бәрі салық төлеуге кететін болды. Қол астына ешбір адам алмастан, патент бойынша өздігінен жұмыс жасайтын ол бұрынғы салық қызметкерлерінің қойған шектен тыс талаптарына тап болды. Мемлекеттік кірістер жүйесі аудандық басқармасының мамандары ұсынылған кіріс мөлшерін өсіре есептеген. Нәтижесінде 25 шаңырақ ғана тұратын Оседлое ауылындағы кәсіпкердің 6 айлық кірісі 1 миллион 800  мың теңгеге болды. Кәсіпкердің айтуынша, шын мәніндегі кіріс мөлшері айына ең көп дегенде 50 мың теңге. Ауылдағы жалғыз дүкеннің жабылу қаупі туындады. Ал ауыл аудан орталығынан 50 км қашықтықта орналасқан.

Туындаған проблеманы Есіл ауданы Кәсіпкерлерді қолдау орталығының кеңесшісі Раушан Оспанова біліктілікпен шеше алды. Жеке кездесу барысында Надежда Викторовнаға патент негізіндегі арнайы салықтық тәртіп түсіндіріліп, патент құнының жаңа есебі шығарылды. Нәтижесінде жеке кіріс салығының мөлшері алты есеге қысқарды.

«Аудандық Кәсіпкерлер палатасының арқасында менің сауда ісін қайта жалғастыруға ниетім пайда болды. Бизнеспен айналысқанда пайда да тапқың келетіні белгілі. Бізге өз құқықтарымызды түсіндіре алатын ұйым пайда болғаны жақсы болды. Маған салықты есептеп беруге көмек қолын созған кеңесші Раушан Оспановаға алғысым зор, себебі соның арқасында мен мемлекеттік органға төленетін төлемдер көлемін алты есеге дейін үнемдей алдым», – деп баға берді  Надежда Сеньковская СҚО Кәсіпкерлер палатасының Есіл аудандық филиалы жұмысына. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер