«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Заңдар бүгінгі талаптарға сай болуы шарт

2014 жылғы 06 Наурыз
8628 просмотров

ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңеске ірі бизнес өкілдерінен 70-тен астам өтініш келіп түскен. Өтініш білдірушілердің басым бөлігінің айтар назы рейдерлік, құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттері, тіпті бизнес жүргізуді түбегейлі тоқтатуға дейін баратын заңсыз әрекеттерге қатысты болуда. Бұл жайында ҚР Парламенті Сенатындағы ҰКП өкілі, кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес төрағасы Ғани Қасымов Алматы қ. кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерімен өткен кездесуде мәлімдеді.  

«Кәсіпкерлер палатасының бүгінгі басты бағыты  мемлекет басшысы тапсырмасында аталғандай, ШОБ 2050 жылға қарай еліміздің ІЖӨ 50% қамтамасыз ете алатын қазақстандық бизнестің тұрақты әрі қуатты болуына жәрдемдесу. Бұл міндеттерді орындау үшін кәсіпкерлікті ілгерлетуге кедергі болып отырған көптеген заңдарды қайта қарау қажет», - деді Ғани Қасымов.  

Сондай-ақ  Ғани Қасымов атап өткендей,  көптеген заңдар өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары қабылданған. Құжаттарда қарама-қайшылықтар баршылық, және де қазіргі жағдайларға сай келмейтін тұстары баршылық. Мұндай заңдар қайта қарауды  не болмаса олардың күшін жоюды қажет етеді. 

Ғани Қасымов әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі жұмыс тобымен кездесу барысында бірінші кезекте талқылауды қажет ететін тақырыптар анықталды. Біріншісі  рұқсат рәсімдерін оңтайландыру, екіншісі  әкімшілік кедергілер.   

Ғани Қасымовтың пікірінше, аталған тақырыптар нәтижесіне жеткенге дейін күнтәртібінде болуы шарт. Қойылған міндеттердің шешімі үкіметпен бірлесіп қабылдануы керек. 

Осыған байланысты, Кеңес төрағасы отырысқа қатысушылардан әкімшілік кедергілерді алып тастау бойынша дайындалған құжаттар пакетін Үкіметке талқылауға жіберу үшін ұсыныстар жасауды ұсынды. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер