«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық бизнестегі күрделі проблемалар өз шешімін табады

2016 жылғы 11 Ақпан
9749 просмотров

Қазақстан Республикасының Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске төрағалық етуі аталған интеграциялық бірлестікті жаңа деңгейге көтереді

Қазақстан Республикасы 2016 жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске, Еуразиялық үкіметаралық кеңеске және Еуразиялық экономикалық комиссияның кеңесіне төрағалық ететін мемлекет болып белгіленген.

Осыған орай, биыл 10 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің төрағасы ретіне ЕАЭО мүше елдердің басшыларына үндеу жариялады:

«Еуразиялық экономикалық одақ экономиканы дамыту үшін тұрақты жағдайлар және азаматтардың игілігі үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға септігін тигізетін маңызды интеграциялық бірлестік болып табылады. Біз Еуразиялық экономикалық одақты Еуропа мен өсіп жатқан Азия арасында сенімді көпір ретінде әлемдік экономикалық жүйеге біріктірілген ашық экономикалық қауымдастық деп көріп отырмыз.

әлемдік экономика өсімінің бәсеңдеуі кезінде біздің мемлекеттеріміздің экономикалық интеграцияны дамыту, тауарлар, қызмет көрсетулер, капитал және жұмыс күшінің жалпы нарығын құру бойынша күштері әртараптандырудың және экономика өсімдерінің басты көздеріне айнала алады. Негізгі әріптестермен және жаңа өсіп жатқан нарықтармен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту Еуразиялық экономикалық одақтың бүкіл құрлықтағы рөлін арттыруға серпін болуы тиіс.

Бұл бағытта Еуразиялық экономикалық одақ пен Жібек жолының Экономикалық белдеуін салу бастамаларының түйіндесуі, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастықты тереңдету маңызды.

Осы орайда, 2016 жыл Одақ елдері мен ШЫҰ арасында еркін сауда аймағының ұзақ мерзімді перспективасын жасаудағы нақты жұмыстардың бастауы болуы қажет.

2016 жылды «Одақтың үшінші елдермен және басты интеграциялық бірлестіктермен экономикалық қатынастарды тереңдету жылы» деп жариялауды ұсынамын.

Біздің үкімет Комиссиямен тығыз өзара ықпалдастықта аталған мәселелерді басты әріптестермен қарастырып, олардың барлығы үшін тиімді етіп шешуі тиіс.

Біздің елдеріміздің әлемдік экономикада бәсекеге қабілеттілігін нығайту, бизнес-ахуалды жақсарту және инвестициялық тартымдылықты арттыру бойынша жұмыс жүргізуі қажеттігіне берік түрде сенімдімін.

Қазіргі таңда Одақтың Кедендік Кодексінде талқыланып жатқан кедендік реттеуді жетілдіру, оның ішінде сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін кедендік әкімшілік механизмдерін жеңілдету, экспорттық-импорттық операциялар кезінде «бір терезе» механизмдерін құру және енгізу бұл бағыт бойынша маңызды шара болып табылады.

Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелеріне толық сәйкес келу үшін Одақ елдерінің экономикасын әртараптандыруға көмектесу мақсатында кедендік-тарифтік және техникалық реттеу құралдарын қолдану маңызды істердің бірі.  

Санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау бойынша ынтымақтастықты үйлестіру жұмыстарын жүзеге асыруды өзекті деп есептейміз.

Энергоресурстардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету, біздің елдердің экспорттық әлеуетін жүзеге асыру мақсатында ортақ электр энергетикасы, мұнай және мұнай өнімдері, газ нарқын қалыптастыру бойынша бағдарламаларды қабылдау және орындауды іске қосуды ұсынамын. 

Қазақстанның Одақ аясында ортақ қаржы нарығын қалыптастыруға үлес қосуы маңызды мәнге ие. Осыған орай, 2016 жылы қаржы саласында Одақ елдерінің заңнамаларын үйлестіруге қажетті құқықтық негіздерді әзірлеу керек деп есептеймін.

Одақ жұмысында маңызды сақталуын қамтамасыз ететін негізгі принциптерінің бірі – өтпелі кезең аяқталған соң шектеулер мен айыруларсыз бірыңғай нарық жұмысын іске қосу. Мүше елдердің үшінші елдерге қатысты дербес қолданатын кез-келген шаралары басқа да интеграциялық процесстердің қатысушыларына, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аумағында еркін тауар тасымалын қамтамасыз етуге жағымсыз әсер етпеуі керек.

Біздің елдер арасында тең құқылы серіктестік пен экономикалық ықпалдастықты нығайтуда Одақ органдарында төрағалық ету аясында Қазақстанның көмек көрсетуге ниетті екенін растаймын, әрі ЕАЭО мүше елдері тарапынан қазақстандық бастаманың қолдау табатынынан үміт білдіремін. 

Одақ жұмысының белгіленген принциптерін жүзеге асыру Одақтың әрі қарай қарқынды дамуына қуатты серпін болатынына көзім жетті». 

Қазақстан Республикасының Президенті өз үндеуінде 2016 жылды «ЕАЭО үшінші елдермен экономикалық қатынасын тереңдету жылы» деп жариялауды ұсынды.

«Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасарының м.а. Дана Жүнісованың пікірінше, Қазақстанның 2016 жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске төраға болуы аталған интеграциялық бірлестікті жаңа деңгейге көтереді. «Еуразиялық интеграция бірінші кезекте елдегі экономикалық әлеуетті дамытуға және бизнес жүргізуге жасалатын жағдайды жақсартуға бағытталуы керек екенін ҰКП бірнеше рет атап көрсеткен», – деді ол.

Осы мақсатта ҰКП бастамасымен 2015 жылы ЕАЭО Іскерлік кеңесі құрылды. Ол кәсіпкерлердің өте қажетті проблемаларын шешу үшін бірыңғай тәсілдерді жасау және оларды бірортаға жинақтап, ЕАЭО мүше елдер мен Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына ұсыну мақсатында Одаққа мүше елдердің жетекші бизнес-қауымдастықтарынан құралған.

Дана Жүнісова айтуынша, Іскерлік кеңес туралы келісімнің ережелеріне сәйкес аталған аумақтың Төралқасын Одаққа мүше елдердің бизнес-қауымдастықтары басшылары басқарады, ал, төрағасы болып ағымдағы жылы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске төрағалық ететін елдің өкілі отырады.

«Елбасы Үндеуінде айтылған басты мақсаттар мен бағыттарды назарға ала отырып, кәсіпкерлік қауымдастықтар үшін басты және бірінші кезектегі маңызы бар мәселелерге айрықша назар аудару қажет. Қазіргі таңда ең күрделі мәселелердің бірі – ЕАЭО аумағында еркін тауар тасымалдауды қамтамасыз ету болып отыр. Қазақстанның Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске төрағалығы кезінде барлық проблемалар Одаққа мүше елдердің, әсіресе біздің елдің бизнесі үшін оңтайлы шешіледі деп сенеміз» – деді Дана Жүнісова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер