«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Енді Вьетнаммен де сауда жасай аламыз

2016 жылғы 11 Ақпан
8710 просмотров

Қазақстан Парламенті ЕАЭО және Вьетнам арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қабылдады

Пленарлық мәжілісте сенаторлар «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.

Аталған құжатты сенаттың бүгінгі пленарлық мәжілісінде Ұлттық экономика вице-министрі Мұрат Құсайынов таныстырды. Ол 2015 жылдың 29 мамырында Бурабайда  Еуразиялық экономикалық одақ елдері және үшінші ел – бұл жағдайда Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы преференциялық сауда туралы бірінші келісімге қол қойылғанын атап айтты.

«Вьетнаммен еркін сауда туралы келісім сауда-саттықты қорғау шаралары, санитарлық және фитосанитарлық шаралар, саудадағы техникалық кедергілер, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, бәсекелестік, шығу тегі туралы ережелер, кедендік ынтымақтастық, тұрақты даму, электронды сауда және т.б. сауда-экономикалық ынтымақтастық бағыттарын қамтиды», – деді вице-министр.

Оған қоса, Келісім аясында «сезімтал тауарлардың бір бөлігі еркін сауда режімінен алынып тасталады, және де осы тауарларға қатысты тараптардың импорттық тарифтеріне сәйкес баж қолданылатын болады». Осы арада  ішкі нарықты қорғау мақсатымен Келісімде ДСҰ нормаларына сәйкес арнайы қорғау, демпингке қарсы және компенсациялық шараларды қолдану құқығы көзделген.

Келісімді іске асырудан ЕАЭО нарығына қауіп төнген жағдайда өтпелі кезеңдегі қосымша қорғаныш ретінде «екі жақты қорғау шаралары да қолданылуы мүмкін», сондай-ақ, ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифі деңгейінде кедендік баж түріндегі триггерлік қорғаныс механизмі қолданылады. М.Құсайыновтың пікірі бойынша, бұл «ЕАЭО үшін сезімтал тоқыма және жиһаз тауарларын Вьетнамнан келетін импорттың жылдық шекті көлемінен артып кеткен жағдайда қорғауға мүмкіндік береді».

Вице-министр, Келісім «экспорттық кедендік бажды жоюды көздемейді, олар мейлінше қолайлы жағдай жасау режіміндегі мөлшерлемелер бойынша алынатын болады және басқа үшінші елдерге экспорттау кезінде қолданылады», – деп атап көрсетті.

«Кофе, шай және біздің нарықта өндірілмейтін тағы басқа өнімдерге салынатын экспорттық баж ЕАЭО деңгейінде қала береді», – деді вице-министр palata.kz. сайтына берген сұхбатында.

«Біз (Қазақстан – авт.), негізінен, ол жаққа (Вьетнам – авт.) астық, ұн, ет, қара металл экспорттауды жоспарлап отырмыз, ол ашық нарық», – деді М.Құсайынов.

Сонымен бірге, Қазақстаннан алкоголь өнімдері экспортталуы мүмкін. «Мен бұған дейін айтқанымдай, алдын ала келісімге қол қойылды, ол вьетнамдық нарыққа шығарылатын алкоголь өнімі болуы ықтимал.  Өтпелі кезең – 5-10 жыл өткен соң, біз экспорттауды бастайтын боламыз», – деп түйіндеді Марат Құсайынов.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер