«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Рүстем Жүрсінов: «Заңдастыруға қатысушыларға кепілдік қажет»

2016 жылғы 11 Ақпан
8919 просмотров

ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары қазақстандықтарды бұл рәсімнің қылмыстық істерге итермелемейтініне сендіру қажет деп санайды

«Бұл осымен төртінші мәрте мүлікті заңдастыру. Оның жүзеге асу мерзімін ұзартып, құралдарын кеңейткенін дұрыс деп санаймын. Тұтастай алғанда қадамдар айтарлықтай байыппен ойластырылып жасалды. Бұл тұста өзгерісті кезең 2017-2018 жылдар аралығы екенін түсінген жөн. Алдағы уақытта кірістер ғана емес, шығындар да декларацияланады. Әрқайсымызға қолдағы барымызды жария етуге тура келеді. Адамдар мұның уақыты жеткенін түсінуі керек. Олар өз еліндегі, сонымен бірге Батыстағы дүние-мүлкін де көрсетуге мүмкіндік алды», – деді «Атамекен» ҚР Ұлттық палата кәсіпкерлері басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Жүрсінов.

Ұлттық палата өкілі шетелдегі мүлікті заңдастыру мәселесіне ерекше назар аударды. «Бүгінгі күні ақшаларды заңдастыру жүзеге асуда. Негізінен шетелден әкелінген дүние-мүліктерге салық салынбайды. Екіншіден, шетелде жатқан активтеріңізді де заңдастыра аласыз. Көп азаматтардың шетелдерде номиналды директорлардың немесе өзге тұлғалар атына ресімделген пәтерлері бар екені анық. Айналымға енбейтін ақша мен мүлік болғандықтан, одан мемлекетке келер пайда жоқ. Мәселе, тіпті, салықта емес. Бұл кепілге қою арқылы несие алуыма мүмкіндік беретін актив, ал оның өзге тұлға атына ресімделуі мені бұл мүмкіндіктен айырады», – деді ол.

Жүрсіновтің пікірінше, заңдастыруда кепілдіктер маңызды рөл атқарады. «Ертеңгі күні ешқандай қылмыстық іс қозғалмайтынына кепілдік керек. Ертеңгі күні сіздің мүлкіңізге тыйым салынбайтынына және мүлкіңіздің тәркіленбейтініне кепілдіктер керек. Бұл өте маңызды. Негізінде заңда кепілдіксіз ешкім мұны орындамайтыны туралы айтылған, ал ҰКП дәл осылай жасауды талап етеді. Бұл кепілдіктер жазылып қойған. Барлық тапсырмалар берілген, енді ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізу ғана қалды»,– деп мәлімдеді ол.

Бұдан бөлек басқарма төрағасы жалпыға ортақ декларациялау ресімі турасында өз пікірін білдірді. «Қазіргі таңда біз түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз. Біз: «Жігіттер, бір күнмен өмір сүрмеңдер. Қолда барды жария ететін күн туады. Сіздер әлемнің келбеті қатты өзгеріп жатқаның көріп отырсыздар, мұндайда салық қызметтері де бір орнында тұрып қалмайды. Ақпарат алмасудың ауқымды үдерісі жүзеге асуда. Швейцариялық банктер америкалықтарға да, өзгелерге де ақпарат ұсынып отыр. Бұл – үлкен ескерту. Германия салық қызметі Лихтенштейндегі шоттардың 10 млн. қожайыны туралы ақпаратты сатып алған кездегі шуды естеріңізге түсіріңіздер»,– деді Жүрсінов.

Ұлттық Палата өкілі құқықтық көмек аясында Қазақстан барлық дерлік мемлекеттермен ақпарат алмасу мүмкіндігін қарастыратын конвенцияларға қол қойғанын айтып өтті. «Таң-тамаша ешнәрсе жоқ. Бұдан кейін адамдар жауапкершілікке тартылатын болады. Осы туралы әңгімелесе бастағанда, олар ойлана бастайды», – деді ол.

«2017-2018 жылдарда жүзеге асатын бағыт әне-міне дегенше келіп жететіні туралы айқын хабарлама тарату керек. Ол кезде мүлдем басқа ережелер бойынша әрекет ететін боламыз. Ісімізге жауапты болуды бүгіннен бастауымыз қажет. Тазалық бұл тазалау емес, ластамау»,–деп қорытындылады сөзін Жүрсінов.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер