«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

58 млн теңге көлеміндегі қарыз қайтарылады

2016 жылғы 10 Ақпан
- Қызылорда облысы
6820 просмотров

Өткен жылы «Атамекен» ҚР ҰКП-на «Конструктив» ЖШС басшысы өзінің құқын қорғауды сұрап жүгінеді

2014 жылы бұл ЖШС «Игілік» корпоративтік қорымен Қызылорда қаласында 3000 орындық жаңа ипподромның құрылысы туралы келісімге қол қояды. Келісім-шартқа сәйкес кәсіпкер 2015 жылдың  12 қазанына дейін барлық құрылыс-монтаж жұмыстарын орындап, нысанды мемлекеттік комиссияға тапсырады.

Алайда, корпоративтік қор мердігердің алдындағы міндетін орындамай, серіктестікке 57 965 987 теңге қарыз болады. Кәсіпкерді борышкердің қарызды қайтарудың нақты мерзімі туралы жауабының созылып кетуі алаңдатады.

«Палатаның заңгерлері «Конструктив» ЖШС басшысына құқықтық көмек көрсетіп, «Игілік» корпоративтік қорының өкілдерімен келіссөз жүргізді және қарызды қайтару күнін нақтылады. Нәтижесінде қос тарап екі жақты келісімге келді. Қарыз жуық арада қайтарылады», – деп хабарлады Кәсіпкерлер палатасы директорының м.а Дархан Мырзағалиев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер