«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстан үшін инвестиция бар, енді жақсы жобалар керек

2016 жылғы 10 Ақпан
- Батыс Қазақстан облысы
10355 просмотров

Чехия инвесторлары бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін Батыс Қазақстанға келуге әзір

Кәсіпкерлер палатасында Чехия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Элишко Жигова ханым бастаған Чехия делегациясы мен Орал өңірі бизнес-қауымдастығының кездесуі болды.

Қатысушылармен сәлемдескен соң, Элишко Жигова ханым, Қазақстанды Чехия Республикасының Орта Азиядағы маңызды экономикалық әріптесі ретінде танитынын және сауда-экономикалық қатынас тұрғысынан алғанда басымдылыққа ие 12 елдің қатарына жататынын атап өтті. Қазақстан мен Чехия арасындағы сауда айналымы өткен жылы 1 млрд. доллардан асқан. Ол, әсіресе, Қазақстан үшін чехиялық инвесторларда қаржы табылатынын, тек жақсы жобалар қажет екенін айтты. 

Чехия мен Словакия Республикаларының Қазақстандағы жобаларын үйлестірушісі Антонин Копфштайн екі жақты ынтымақтастықтың перспективті салалары ретінде туризм, жасыл технология (суды тазалау), денсаулық сақтау, көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы (тамақ өнеркәсібі) және тағы басқаларын атап өтті. Кәсіпкерлер палатасының директоры Кеңес Әбсатиров бұл бағыттардың кейбірі Палата әзірлеген өңірлік даму картасының басымдылықтарына кіретінін айтты.  

Антонин Копфштайн қазіргі кезде Қазақстанда көптеген прогрессивті заңдар қолданысқа енгеннен соң, онымен серіктестік орнату қызықтыра бастағанын атап өтті. Әсіресе мемлекеттік-жеке әріптестік туралы заңға тоқталды. «Бұл заңдар көп жағдайда бірлескен жобалар әзірлеудің дайындық кезеңдерін қысқартады әрі жеңілдетеді. Бұрын келісім-шарттың арнайы тармақтарында ескертілетін көптеген мәселелер енді заңда қарастырылған» – деді Антонин Копфштайн. 

Кездесу кезінде Чехия Республикасының Батыс Қазақстандағы Құрметті консулы Болат Сәрсенов таныстырылды.   

Кездесуге қатысқан Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарды ортаға салды. Абай Рысқалиев («Технология» ЖК) пен Болат Шакимов («Спецстройсервис» ЖШС) өз жобаларының презентациясын Чехия тарапына ұсынды.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер