«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астана салық төлеушілерге қолайлы жағдай жасайды

2016 жылғы 09 Ақпан
8598 просмотров

Мемкірістер органдарының операциялық залдары ыңғайлы және пайдалы болмақ

Бүгін салық төлеушілер арасында позитивті өзгерістер мен тәртіптіліктің өсуі жайлы Астана қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Әбілхайыр Сқақов болжам жасады. Ол мемлекеттік кірістер органдарындағы басымдықтардың бірі – келушілер үшін уақытты үнемдеу екенін атап өтті. Оның айтуынша, орташа есеппен кезек күту уақыты 5,5 есеге, яғни 34 минуттан 6 минутқа дейін қысқарған, әрбір салық қызметі орталығы келуші кәсіпкерлердің «10 минутқа жуық» уақытын ғана алады. 

«Кеден қызметі бойынша кедендік тазарту уақыты 1,5 сағатқа қысқарып, импорт бойынша да, экспорт бойынша да жетілдірулер 51 минутты құрады», – деді Сқақов.

«Осы жылдың жоспарында – операциялық залдың толық брендбугі, яғни мемкірістер органдарын қабылдаудың жаңа тұжырымдамасын жасау қолайлы қызмет пен клиенттің қажеттілігін қағанаттандыруға бағытталған жоғары деңгейдегі ыңғайлы навигацияға негізделетін болады. Қабылданған шаралар кәсіпкерлер арасында құқықтық мәдениетке дағдылануды және салық пен баж салығындағы еріктілік деңгейін көтеруге ықпал ететін болады», – деді МКД басшысы.   

Осыған ұқсас, Астанада «қазыналық блоктың бақылау жұмысы қайта құрылды». Нәтижесінде тәуекелді басқару жүйесіндегі қолданысы «бизнестің ерекшелігі мен өлшемділігін ескере отырып, салық және кедендік қатерлердің нақты алдын алуға мүмкіндік берді».

«Нәтижесінде біз саннан сапалылыққа өттік. Атап айтқанда, салықтық тексеріс саны 38% қысқарды, олар бойынша өндіріп алу 13 есеге өсіп, 20 млрд. теңгені құрады», – деп баяндады А.Сқақов.

Осы орайда, жүйеленген бақылауға қамтылған тұлғалар саны 6000-ға қысқарған, ал өндіріп алу екі есеге өсіп, 5,5 млрд. теңгені құраған.

«Салық пен баж салығын төлеуден жалтару схемасы анықталған кәсіпорындарға, мемсыңайлы сектордағы кәсіпорындар мен мемсатып алу саласындағы салықтан жалтарудың көп деңгейлі схемасын қолданушыларға ерекше басымдылық жасалды», – деді Мемкірістер департаментінің басшысы. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер