«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Супермаркеттер сөресінде отандық өндіріс өнімдері

2016 жылғы 09 Ақпан
- Батыс Қазақстан облысы
14849 просмотров

Әлеуметтік кәсіпорын өнімін өткізуде супермаркеттер қолдауына мұқтаж

«Шаңырақ» ЖШС Әлеуметтік кәсіпорны ««Нұр» Батыс-Қазақстан балалар үйлері мен мектеп-интернаттары түлектерінің Одағы» қоғамдық бірлестік жетекшісі Геннадий Франктің бастамасымен әлеуметтік мақсаттағы жобаларды жүзеге асыру мақсатында құрылған. 

«Әлеуметтік кәсіпорын» деген атауының өзі оның зор табыс әкелетін кәсіпорын еместігін көрсетеді. Бұл жерде балалар үйінің, мектеп-интернаттарының түлектері мен  ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетімдер өндірістік-тәжірибелік білім алып, ақша табады, тәжірибе мен еңбек өтіліне ие болады, сонымен бірге жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға машықтанады.

Кез келген кәсіпорын өз өнімін өткізбесе өмір сүре алмайтыны белгілі. Алайда кәсіпорын үшін түрлі өндіріс пен сападағы тауарлардың сан алуандығы жағдайында бәсекеге түсу қиынға соғуда.

Кәсіпкерлер палатасы «Шаңырақ» ЖШС құрылған күннен бастап кәсіпорынға және балалар үйі мен мектеп-интернет түлектері тұратын Жасөспірімдер үйіне қамқорлық көрсетіп келеді. Сондықтан ЖШС өз  өнімін сату мақсатында Орал қаласы сауда желілерімен байланыс орнату мәселесі бойынша Палатаға келіп жүгінуі орынды-ақ.

Орал супермаркеттер желілері басшыларының көбісі әлеуметтік кәсіпорын өтінішіне құлақ асты. Палатаның ұйымдастырған басқосуында әңгіме бірден сындарлы бағытқа қарай ойысты. Супермаркеттер өкілдері «Шаңырақ» ЖШС өнімдерін өз сату орындарының сөрелеріне қою мәселесін бірден шешуге кірісті. Әлеуетті сатып алушыларға осы өнімдерді сатып алу арқылы балалар үйі түлектеріне күрделі нарық жағдайына төселуге, өз еңбектерімен ақша табуға көмектесетінін еске салу мақсатында кәсіпорын өнімінің әлеуметтік жарнамасын міндетті түрде орналастыру қажет деп шешілді.

«Сауда Инвест» ЖШС коммерциялық директоры Талғат Қаналиев бұл өнімдерге сауда үстемесін қоспауды ұсынды. «Біз «Шаңырақ» ЖШС өнімдерінің бағасы жөнінен де, сапасы жөнінен де өзге өндірушілерден кем түспейтініне көз жеткіздік, сондықтан өз дүкендеріміздің сөрелеріне кәсіпорын өнімдерін міндетті түрде орналастырамыз», – деді Талғат Қаналиев.

«Нұр» Батыс-Қазақстан балалар үйлері мен мектеп-интернаттары түлектерінің Одағы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Геннадий Франк «Сауда Инвест», «Атаба», «Рамстор», «Лучшее решение» супермаркеттері өкілдеріне түсіністік танытқандары және көмек қолын созғандары үшін өз ризашылығын білдірді.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер