Курстан оқып грант жеңіп алды
Қостанай облысында «Бизнес-кеңесші» курсы іске қосылады
Ол «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясында 25 ақпанда басталады.
Бекітілген кестеге сәйкес ол наурыздың соңына дейін облыстың сегіз өңірінде өткізіледі.
Екі күн бойы тәжірибелі бизнес-тренерлер тыңдаушыларға бизнес-жоспарын сауатты жасау, бизнес субъектісі ретінде тіркеуден өту және мемлекеттік бағдарламаның жеңілдіктерін пайдалану сияқты кәсіпкерліктің әліппесін үйретеді.
«Қатысушының әрбірі «БЖК-2020» бойынша гранттарға қатысу кезінде міндетті түрде қажет болатын сертификаттарға ие болады. Ал, үйренген білім «start-up» жобаларды қаржыландырған кезде қажет. Қатысушыларға ешқандай шектеу қойылмаған. Қатысам деушілер Кәсіпкерлер палатасына өтінім бере алады», – деді Қостанай облыстық Кәсіпкерлер палатасы қаржысыз қолдау көрсету бөлімінің бастығы Роберт Юсупов.
Өткен жылы «Бизнес-кеңесші» курсы бойынша 2 мың қостанайлық оқытудан өткен. Олардың 82 тыңдаушысы бизнес субъектісі ретінде тіркелген, 55 адам «БЖК-2020» аясында қаржыландыруға ие болды. Ал 6 адам гранттардың иегері атанды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: