«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық кәсіпкерлердің өз тауарлары мен қызметтерінің сапасын дәлелдеуіне мүмкіндігі бар

2016 жылғы 08 Ақпан
9021 просмотров

2016 жылғы «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына 1 шілдеге дейін өтініш беру қажет

«Атамекен» ҰКП Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесінің басталғаны жөнінде мәлімдейді.  

«Алтын сапа» байқауы және «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесі 2006 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келе жатқанын атап айтқымыз келеді.

Байқауға Қазақстан Республикасының аумағында тауар өндірумен (қару-жарақ және әскери техника өндірісін қоспағанда), қызмет көрсетумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады. Тек мемлекеттің қатысу үлесі 50%-дан асатын ұйымдар, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында қарастырылған рәсімдерді жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдар байқауға қатыса алмайды. 

Байқауларға қатысуға тілек білдірушілер Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы «Алтын сапа» байқауының сыйлығына және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесіне үміткерлер материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау Ережелеріне сәйкес рәсімделген өтініштері мен материалдарын (есептерін) 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін беруі тиіс.

Толық ақпаратпен www.altynsapa.kz сайтында танысуға болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер