«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Нұрлы жол – бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер

2016 жылғы 08 Ақпан
- Алматы қаласы
12343 просмотров

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу болашағын талқылау жөнінде бизнес-форум болып өтті

Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған нақты қолдаудың арқасында ШОБ саласы бүгінде нықтап аяққа тұрды және ел экономикасының басты «донорына» айналды. Алматыда шағын кәсіпкерлік ЖӨӨ-нің 25%-дан астамын, салықтық түсімнің 43%-ын беріп отыр. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына 136 жоба, Индустриаландыру картасына, индустриалды аймаққа 46 жоба енген. Осылайша,  Өңірлік индустриаландыру картасы аясында «DUAL-SP» ЖШС, «HyundaiTransAuto» ЖШС және «Үркер АШ» ЖШС жобалары іске қосылып, 208 тұрақты жұмыс орны пайда болды. Сонымен бірге Жетісу ауданында орналасқан «AGS құрылысиндустрия» ЖШС-нің құбырлардың полиэтиленді сыртқы қабығын өндіретін жаңа цехы ашылды. Цехтың өндірістік қуаты жылына 2,5 мың тонна өнімге тең, бұл көрсеткіш Алматы қаласындағы жылу магистральдарын қайта жасау бойынша жоспарланған көлемді қамтамасыз етуге септігін тигізеді.Түрксіб ауданында жеңіл рельсті көлік пен жолаушылар вагонын жасау үшін «Алматы вагон жөндеу зауыты» АҚ жаңартылатын болады. Жобаны іске қосу ірі қалалар мен елдегі облыс орталықтарының қала маңы қатынасын жүзеге асыратын трамвайлар мен электрпойыздарын өндіруге мүмкіндік береді. Жүрдек пойыздарға арналған жолаушылар вагонын шығару арқылы шетел вагондарының импортын қысқарту көзделіп отыр. Мұндай жобалардың әлеуметтік маңызы айдан анық. Бұл дегеніңіз мыңдаған жаңа жұмыс орнының ашылуы мен халықтың әл-ауқатының жақсаруы деген сөз.

«Партияның кезектен тыс XVII съезінде Мемлекет басшысы жеке кәсіпкерлікті қаржыландырудың көлемін арттыру, жұмысшыларды қайта даярлау мен біліктілігін арттыру мәселелеріне баса назар аударды. Тұтастай алғанда «Нұрлы жол» жобаларын жүзере асыру таяу жылдары 400 жұмыс орнының ашылуына сеп болады»,– деп атап өтті Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қайрат Құдайберген.

«Біздің «Эко Taxi» және «Командир»  компанияларының айналымындағы қаражат көлемі 3 млрд. теңгеге жуық. Қазақстанның екі қаласында 700 жұмыс орнын аштық. Біз бұған «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауының арқасында қол жеткіздік. Залда отырған жас жаңашылдарға айтарым, бастамалардан қорықпаңыздар, даму институттарына жүгініңіздер, кәсіпкерлікпен айналысыңыздар! Мәселен, осындай ынтымақтастықтың арқасында менің компаниямның таяудағы жоспары – 2,5 млн.доллар көлемінде инвестиция алу.  Бұл қосымша 80 жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік береді», – деді Қазақстан таксомоторлық кәсіпкерлік ассоциациясының төрағасы Максим Сәрсенов.

Бизнес-форум жұмысына бизнес-қауымдастықтардың, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалы жанындағы кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестің, үкіметтік емес ұйымдардың және БАҚ өкілдері қатысты. Форум қорытындысы бойынша шараға қатысушылар «Нұр Отан» партиясының XVII съезд шешімдерін қолдау туралы мәлімдемесін қабылдады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер