«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қоғамдық мүдделердің қадағалауы

2016 жылғы 05 Ақпан
- Қостанай облысы
14485 просмотров

Қостанайлық бизнесмендер облыстық Қоғамдық кеңес құрамына кірді

Алғашқы отырыста қатысушылар жаңа органның тәртібін, сонымен қатар жақын уақытқа жасалған жоспарын бекітті

Жаңа консультативтік-мәжіліс органын «Қарқын Агрофирмасы» ЖШС-нің директоры, кәсіпкерлер Палатасының Өңірлік кеңес мүшесі Сайран Буканов басқарады. Бұл құрамда «Алтынсарино» ЖШС басшысы Борис Князев және Облыстық кәсіперлер Палатасының директоры Мұрат Әбенов бар. Кеңестің аясында олар бюджет мәселелері жөніндегі комиссияға  кіргізілді.

Жалпы, Қазақстанда Қоғамдық кеңестер Елбасының бес институцианалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам Жоспары аясында құрылуда. Олар қоғамдық маңызы бар сұрақтар бойынша азаматтардың көзқарастарын білдіруге мақсатында орталық және жергілікті деңгейде ұйымдастырылуда. Кеңестің Ұсынысын шешім қабылдайтын мемлекеттік органдар қарауға міндетті.

Кеңестер бюджеттік бағдарламаларды, стратегиялық жоспарларды  және аумақтарды дамыту бағдарламаларын, атқарушы органдардың мақсаттық индикаторларға қол жеткізу туралы есептерін т.б. жобаларды талқылауға қатысады. Қоғамдық кеңестердің мәртебесі мен құзыреттерін заңды түрде бекіту, мемлекеттік маңызы бар шешімдерді қабылдауда жариялылықты айқындай түседі деп жоспарлануда. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер