«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жұмыс беруші мен қызметкер: қарым-қатынастар қалай орнатылуы тиіс?

2016 жылғы 05 Ақпан
- Батыс Қазақстан облысы
11620 просмотров

Кәсіпкерлерге Еңбек кодексінің негізгі қағидаттары түсіндірілді

Еңбек шарттары қандай жағдайларда бұзылады? Кадрлар қандай қағида бойынша қабылданады? Қызметкерлер басқа жұмысқа қалай ауыстырылады? Қызметкерлердің демалыс кезіндегі жұмысы қалай төленуі тиіс және т.б.?

Кәсіпкерлер палатасының бастамасы бойынша өткізілген кеңесте жұмыс берушілердің осы және тағы да басқа сұрақтарына жауаптар жария етілді.

«Кәсіпкерлікке қолдау көрсету, кәсіби одақтардың және ұжымдық келісімдердің рөлін нығайту және еңбек қатынастары саласына мемлекеттік араласудың нақты шеңберлерін айқындау» – еңбек туралы жаңа кодекстің негізгі қағидаттары осындай. Жаңа Еңбек кодексі кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің де, кәсіпорындар ұжымдарының кәсіподақтарының да қызығушылығын туғызады», – деді ӨКП өкілдері.

Осыған байланысты, Кәсіпкерлер палатасының адам капиталын дамыту бөлімі еңбек қатынастарына қатысатындар үшін БҚО еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма мамандарының қатысуымен еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер бойынша ақпараттық-кеңес беру сипаттағы мәжіліс өткізді. 

Басқарма бастығының орынбасары Арман Түйгінбетовтің Еңбек кодексінде енгізілген негізгі өзгерістер туралы ақпаратын тыңдап кәсіпкерлер мен Орал қаласы және Батыс Қазақстан облысы кәсіпорындарының өкілдері өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарды қойды.

Жалпы кеңес қатысушылары еңбек қатынастарындағы жалдау, кадрлардың ауысуы, жұмыстан босатылуы және қызметкерлердің еңбекақысын төлеу мәселелеріне қатысты сұрақтар қойды.

Еңбек шарттарын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздері сөз болған кезде ұжымдық еңбек дауларының рөлі мен маңызы туралы мәселе үлкен қызығушылық туғызды.  

«Стекло-Сервис» ЖШС және «Квант» ЖШС кадр бөлімдерінің басшылары Алия Кенженова және Татьяна Федосеева еңбек қатынастарын бұзу және жыл сайынғы төленетін демалыстарды беру негіздеріне қатысты сұрақтар қойды.

Жалпы, кеңес қатысушылары жаңа Еңбек кодексі қызметкерлер мүдделерін есепке ала отырып кәсіпкерлікке қолдау көрсетуді, мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкерлердің әлеуметтік жауапкершілігін ескеретін либералды еңбек қатынастарының жаңа үлгісін қалыптастыратындығын атап өтті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер