«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Иван Сауэр: алдымен өз елімізді сапалы азық-түлікпен тамақтандыруымыз керек

2016 жылғы 04 Ақпан
12993 просмотров

Ұлттық экономикадағы қазіргі жағдай – бизнес үшін емтихан

Бүкіл Қазақстанға бәрінен бұрын өз өнімдерінің сапасымен танымал «Родина» агрофирмасы» ЖШС-нің бас директоры және құрылтайшысы Иван Сауэр palata.kz-тің өтініші бойынша отандық сүт өнімдерінің нарығында қалыптасқан жағдайға қатысты көзқарасымен шүйіркелесе бөлісті.

– Сәлеметсіз бе, Иван Адамұлы. Әңгімелесуге уақыт тапқаныңыз үшін сізге рахмет. Бірден сұрақ қоюға рұқсат етсеңіз: ұлттық экономикадағы қазіргі жағдай «Родина» агрофирмасына», сіздердің өнімдеріңізге деген сұранысқа және сатылым көрсеткіштеріне қалай әсер етіп жатыр?

– Біз әзірге бір нәрсені ғана сезініп жатырмыз – бізге сатып алушыларымыз телефон шалып, біздің өнімдердің жеткіліксіз болып жатқанын, олардың тез сатылып кетіп жатқанын айтуда. Жалпы жағдайды айтатын болсақ, ол ешкімді қуантып отырған жоқ. Дағдарыс сырттан келгендіктен, оны бәріміз түсіністікпен қабылдап, оған дұрыс және оң көзбен қарағанымыз жөн. Ең бастысы, оғаш естілсе де айтайын, кейде мұндай нәрселердің болып тұрғаны қажет. Себебі Мемлекет басшысы ана нәрсеге, мына нәрсеге назар аударыңдар деп айтқан кезде, біз әрдайым дұрыс қорытынды жасай бермейміз. Ал өмір бізді басқа қырынан қарауға мәжбүрлеген кезде, біз жақсы нәрсенің әрқашан бола бермейтінін ұғып, қауіпсіздік жастығын дайындап, қандай да бір резерв жинап қойғандар бүгінде өздеріне сенімді болып, күлімдеп жүргенін түсінеміз. Сондықтан бұл жағдай бизнес үшін, үкімет үшін дағдарыстан қалай шығу туралы емтихан. Трагедиялық және драмалық ештеңе жоқ. Ең бастысы, бұл біздің енжарлығымыздан, жаңсақтығымыздан болып жатпағанын түсінгеніміз жөн.  Бұл әлемдік ахуал.

– Иван Адамұлы, сіздің кәсіпорныңыз нарықтағы бәсекені сезініп отыр ма?

– Өкінішке және бақытымызға қарай сезініп отырған жоқ!

– Сіздің бәсеке жоқ деп айтуыңызға не түрткі болды? Бұл «Родина» өнімдерінің сапасына деген сенімділік пе, баға саясаты ма, әлде басқа дейектер ме?

– Өкінішке қарай, бүгінгі таңда біздің сала нарықтағы табиғи өнімдерге деген сұранысты толық қанағаттандыруға дәрменсіз. Екінші мәселе, біз ұнтақтан сүт жасаушылармен салыстырғанда бағаны қолжетімді етіп белгіледік. Жалпы алғанда, бәсеке болу керек. Әйтпесе, алға жылжушылық болмайды.

– Қазіргі уақытта қазақстандық өндірушілер мемлекеттен қолдау күтуді әлі жалғастырып келеді. Сіздің ойыңызша, сүт өндірушілерге мемлекет тарапынан қандай көмек керек?

– Біз әлемдік экономикамен терең ұйысып кеттік, сол себепті әріптестеріміздің немен айналысып жатқанын көріп отырмыз. Ресей мен Белоруссия мемлекеттік қолдаудың көлемін ұлғайтып жатыр. Егер бізге де солар сияқты көмек бермесе, біз бәсекеге қабілетті бола алмаймыз.

– Шетелдік инвесторлар, әсіресе Қытай компаниялары Қазақстанның ауылшаруашылығы нарығына белсенді еніп жатыр, олардың орасан қаржылық есебі бар. Сіздің ойыңызша, инвестициялармен қатар, шетелдік компаниялардың кіруі экономикаға не береді?

– Біздің үйреншікті ісіміз, біздің брендіміз, біздің күшіміз – табиғи, экологиялық таза өнім. Сондықтан қазіргі жағдайға төтеп беруіміз керек. Отандық өндірушілердің өнімінен артық өнімді бізге ешкім әкеліп бермейді. Артықшылақтарды пайдаланып, осымен айналысуға тиіспіз.

– Қытайдың Қазақстандағы елшісі ҚХР қазақстандық табиғи өнімдердің импорты үшін барлық кедергілерді алып тастауға ниетті екенін айтты. Мүмкін, «Родина» экспорттаушыға айналатын шығар?

– Мүмкін, менің пікірім көпшіліктің пікіріне сәйкес келе қоймас, бірақ отандық өндірушілердің парызы ішкі нарықты қандыру екендігіне көзім жетті, өйткені біз осында қолдау тауып, субсидия алып, салық жеңілдіктеріне қол жеткізіп отырмыз. Өз еліміздің азаматтарын сапалы азық-түлікпен тамақтандырып алайық, сосын осындағы мәселелер шешілгеннен кейін басқа нарықтарды жаулаймыз.

– Сұхбатыңызға рахмет!

Жанар Сердалина


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер