«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Енді ПЭТ ыдыстарға құйылған сыра заңға сәйкес сатылады

2016 жылғы 03 Ақпан
- Қостанай облысы
14130 просмотров

Қазақстан құйылмалы сыраны ПЭТ ыдысында сатуға заң жүзінде рұқсат етті

«Атамекен» ҰКП бастамасымен ҚР «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекетті реттеу туралы» Заңына өзгерістер енді.

Еске сала кетейік, 2014 жылы Қостанай облысының кәсіпкерлері салық органдары тарапынан заңға сәйкес пластик ыдыстардағы алкоголь айналымына тыйым салынатыны туралы хат алған.

Хат түсініктемелік сипатта жазылғанына қарамастан, көбікті сусын өндіретін кәсіпкерлер мен сауда нүктелерінің басшылары Кәсіпкерлер палатасына шағымданды. Егер ескерер болсақ, көптеген дүкендерде сыраның 80%-ы тек құйылмалы түрде сатылады, ал аталған заңның нормалары бизнесті үлкен шығынға ұшырату қаупін туғызады.

Палата сарапшылары жағдайды саралай отырып, тыйым салу тікелей зауытта пластикпен қапталған алкоголь сусынан қатысты болу керек деген пікірге келді. Ал, дүкеннен жекелеген ПЭТ бөтелкесін сатып алып, оған сыра құйып алу бұзушылыққа жатпайды. 

«Біз болашақта сатушыға қатысты мүмкін санкциялар мен заң нормаларының түсіндірмесінен қайшылықтар тумас үшін заңға өзгертулер енгізу жөнінде бастама жасадық. Атап айтқанда, «алкоголь өнімін сатып алу» мен «құйылмалы» деген сияқты ұғымдарды енгізуді ұсындық. Аталған өзгертулерді ҰКП Мәжіліске жолдады және өткен жылдың соңына қарай қабылданды. Енді заңның тоғызынша бабында құйылмалы сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімінің пластик бөтелкедегі айналымына тыйым салынатыны көрсетілген. Яғни, бұл мәселеде кәсіпкердің ешқандай қаупі болмауы керек», – деді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының құқықтық бөлім бастығы Ренат Дәулетбаев. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер