«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Егіс науқаны тоқтамайды

2016 жылғы 03 Ақпан
- Қызылорда облысы
11841 просмотров

Кәсіпкерлік палатасы ферма шаруашылығының 178 гектар жерін сақтап қалды

«Атамұра» шаруа қожалығы қырықтан аса отбасы еңбек ететін кәсіпкерлік нысаны. Көптеген ауыл адамы үшін негізгі табыс көзі. Алайда, кәсіпкер өткен жылы қиын жағдайға тап болып, Кәсіпкерлер палатасынан көмек сұраған.  

Яғни, 2015 жылы Қызылорда облысы аумағындағы жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасы нысаналы мақсатқа пайдаланбауына байланысты, жер телімін мәжбүрлеп қайтарып алу туралы сотқа талап арыз түсірді.

Талап арызды түсіруге «Атамұра» ШҚ-на берілген Шиелі ауданы Еркөл аулындағы 178 гектар жерді игеру бойынша талаптарды орындамау және көрсетілген құқық бұзушылықты жоймауы себеп болған.

«Суармалы судың болмауынан екі жыл қатарынан егістікпен айналысуға мүмкіндік болмады. Егістікті суару үшін суды «Жана сас» арнасынан аламыз. Алайда, арнаны 1995 жылдан бері тазаламаған. Барлық жолдары бітеліп, су егістікке қарай жетпейді. Қазіргі кезде біз өз күшімізбен арнаны қазып, тазалап, жерді көктемгі егістікке дайындап жатырмыз», – дейді шаруа қожалығының басшысы Шонанбек Сереке.

Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары сотта компанияның мүддесін жақтап, ҚР Жер кодексінің 92 бабына сәйкес кәсіпкердің құқығын қорғап қалды. Нәтижесінде фермер өзінің 178 гектар жерін сақтап қалды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер