«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оралда ет сатушылар наразылық танытып жатыр

2016 жылғы 03 Ақпан
- Батыс Қазақстан облысы
10911 просмотров

Бұрынғы үлгідегі ветеринарлық анықтамамен көтерме ет саудасына салынған тыйымға қатысты туындаған жағдай ӨКП-ның бақылауында

2 ақпанда Оралда «Ел-Ырысы» базарындағы ет сатушылар қоғамдық көліктер мен автокөліктер жүретін жолды бөгеп, трассаны жауып тастады.

Ет сатушылардың наразылық танытуына, оларды жаңа үлгідегі анықтамаларының болмауына байланысты базардағы жұмыстарына кіргізбей қоюы себеп болған. Естеріңізге сала кетейік, Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың 2015 жылы 21 мамырда шыққан «Ветеринарлық құжаттар берудің ережелері мен олардың бланктеріне қойылатын талаптар туралы» бұйрығына сәйкес базардағы ет сатушылар алдағы уақытта мал етінде медициналық көрсеткішке қарама-қайшылық жоқ екенін және оның өнімдері талапқа сай жағдайда өндірілгені туралы ветеринарлық анықтама алулары керек болатын.

«Бүгін жаңа анықтаманың жоқтығынан бірде бір көтерме саудагерді базарға кіргізбеді – деп қапаланады сатушы Гүлмира Жұмағалиева. – Кейбір елді мекендерде мұндай анықтама әзірге жоқ болғандықтан, бізде осындай проблема туындап отыр, біз мұрсат беруді талап етеміз. Бізге бұрынғы анықтамамен жұмыс істей беру үшін, оның мерзімін ұзартуға уәде берге еді. Біз жұмыс істеуге рұқсат беруін талап етіп, көшеге шықтық».

Базар сатушыларының айтуынша, мұндай проблема бүгін ғана туындап отыр. Жаңа ветеринарлық анықтама 4 қаңтардан бастап жарамды болғанымен, бүгінге дейін етті ескі үлгідегі анықтамамен кіргізіп келген.

Ереуіл орнына келген қауіпсіздік қызметкерлері жұртты тыныштандыруға талпынғанымен, наразылық танытушылар әкімдіктің өкілі келуін талап етіп, ешқандай бітімге келмей қойды. Ереуі болып жатқан жерге жеткен кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі Ринат Шауенов құзырлы органдар бұл мәселемен айналысатынын және наразылық танытушыларды ертеңнен бастап жұмыс орындарына кіргізетінін айтып уәде берді. Ең аз дегенде, көтерме саудагерлерге бұрынғы анықтамамен біраз уақыт жұмыс істеуге рұқсат бермек. Қалалық ветеринария бөлімінің жетекшісі Рафик Лұқпанов атап өткендей, ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес, анықтаманың жаңа үлгісіне өтуге барлығы міндетті. «Барлық аудандарға мұндай жаңа үлгідегі анықтамалар таратылды, ондағы түсініксіз себептерге байланысты олар берілмей жатыр» деп қынжылады ол. Қаланың бас мал дәрігері жағдайдың жай-жапсарын анықтауға уәде берді. Оның сөзінше, бұл анықтаманың ерекшелігі, ол қолдан жасалынбайды, оның қағазына арнайы қорғаныш торы жабыстырлған. Мал иесі оны соймас бұрын мал дәрігеріне барып, өтініш жазуы керек, содан кейін оған жаңа анықтама беріледі.

Өз кезегінде Орал қаласының прокуроры Айдын Рашидов саудагерлерді прокуратура тексеріс ұйымдастырып, кінәлілерді анықтайтынына сендірді.

Бұл жағдай Кәсіпкерлер палатасының да бақылауында, ондағы мамандар прокуратура органдарымен бірлесе отырып, кәсіпкерлердің ешқайсысы қалыптасқан жағдайдан зардап шекпеуін қадағалап отырады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер