«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы ӨКП бастамасымен Қазақстанда алғашқы сән Қауымдастығы пайда болды

2016 жылғы 02 Ақпан
- Алматы қаласы
11837 просмотров

Отандық дизайнерлер «Fashion» индустриясындағы түйткілді мәселелерді бірлесіп шешпек  

Қазіргі таңда «Arlem» (қазақшаға мағынасы «дизайн») сән қауымдастығының құрамына қазақстандық дизайнерлердің мүддесін көздейтін және белсенді насихаттаумен айналысатын компаниялар тобы кіреді: Олар Pop Up Shop Astana (жылына екі мәрте қазақстандық киім-кешек пен аксессуарлар өнімінің жәрмеңкесін өткізеді), қазақстандық дизайнерлердің интернет-дүкені – Lenazh.kz, дизайнерлерге тегін мастер-класстар мен сән саласында қысқа мерзімді курсттық қызмет ұсынатын KAZAKHSTAN FASHION INSTITUTE бар. «Arlem» сән қауымдастығының президенті – Жанел Бартаева, Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі. Қауымдастықтың төрайымы болып Айжан Әлзақова сайланған.   

Қазақстандық Сән қауымдастығын құру жайлы шешім кездейсоқ емес. Сән индустриясы өз даму жолында өндіріс қуаты мен білікті мамандардың аздығынан бастап, шикізаттың ішінара жетіспеуі, өндірістің өзіндік құнының жоғары болуы, дизайнерлердің өз білім деңгейін көтермелеуі мен брендті дамытатын нақты PR-стратегияларына дейін көптеген қиындықтарға кездесті. Құрылған бірлестік бұл түйткілді мәселелерді шешуге, қазақстандық дизайнерлердің сәтті жұмысын ұйымдастыру үшін практикалық және консалтингтік көмек көрсетуге, қазақстандық бренд киімдерді халықаралық және жергілікті нарықта насихаттауға ниеттеніп отыр.    

Қауымдастық өз қызметі аясында киім тігудің саны мен сапасын жақсарту үшін фабрикалармен тығыз ынтымақтасуды,  Сәтті коллекция құруға қажетті (PR, қаржылық және коммерциялық менеджер, стильші, фотограф, сәнқой сияқты) мамандар іздестіруді, интернет және мерзімді басылымдағы контекст пен модулдік жарнамалар қызметінің бағасы бойынша баспасөзбен және интернет-басылымдармен қолжетімді келісім орнатуды, отандық дизайнерлердің киімдерін сату үшін оффлайн-дүкенге арналған бірыңғай алаң құруды жоспарлайды.

Қауымдастықтың негізгі мақсаттарының бірі – Kazakhstan Fashion Institute қолдауымен оқу тренингтерін, дизайн және сән семинарларын ұйымдастыру. Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай шаралар қазақстандық және шетелдік сәннің инсайдерлері арасында сындарлы диалог орнатуға, оның ішінде экономикалық және мәдение алыс-беріс жасауға, Қазақстандық фотографтардың, стилистердің, дизайнерлердің халықаралық аренада оң имиджін қалыптастыруға мүмкіндік береді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер