«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарбыздан – жол жиегіндегі дәмханаға дейін

2016 жылғы 01 Ақпан
- Батыс Қазақстан облысы
14873 просмотров

Жол бойындағы сервисті дамыту – «Нұрлы жол» инфрақұрлымды дамыту мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарының бірі.

Батыс Қазақстан облысы Зеленов округындағы Махамбет ауылы халықаралық маңызы бар Самара-Шымкент трассасына жақын орналасқан. Сондықтан, кәсіпкерлер – ағайынды Насыровтардың өз бизнестерін кеңейту идеясын жол бойындағы сервисті дамыту есебінен қолға алуы таң қаларлық нәрсе емес еді.  

Ағайынды Насыровтар бизнеспен он жылдан бері айналысып келеді. Шаруашылық қожалығын құрып, бастапқыда ет өнімдерін шығарумен, сатумен айналысқан, кейін келе бағбан болып, жылыжайда өнім өсіруге көшкен. Олардың тек болашаққа қарай мақсат түзегені шаруашылықтың «Алтын болашақ» деген атауынан-ақ айқын көрінеді. 

Жданов қарбызының даңқын бүгінде облыстың бәрі біледі. Олар егін шаруашылығын осы қарбыздан бастаған болатын. Онан соң бау-бақша өсіру түрлі көкөністер егуге ұласты. Гектардан гектарға жетіп, Еркін мен Тілеп жерде өнім алудың қыр-сырын үйреніп алды. Олар кәсібін 2009 жылы бау-бақша өсіріп бастаса, 2012 жылы жылыжай шаруашылығымен айналысты.     

Ал, енді олар жол жиегінде қызмет көрсетумен айналыспақ, олардың сервисіне шағын дәмхана, моншасы, душ кабиналары мен кір жуатын бөлмелері бар қонақ үй кешені, машина жуу және дөңгелек жөндеу қызметтері кіреді.  

Палатаның филиалында кәсіпкерлерді қолдау орталығының кеңесшілері оларға жер телімін рәсімдеуге және барлық рұқсатнамаларды алуға көмектескен. 

Жаңа жыл қарсаңында 40 адамдық шағын дәмхананың есігі айқара ашылып, дәмді тамағымен, хош иісті кофесімен келушілерді баурай бастады. Ал, құрылыстың қалған жұмыстары көктемде басталады деп жоспарлануда.

Ағайынды Насыровтардың жобасы Қазавтожолмен қызмет көрсету бойынша қол қойылатын үш жақты шарттардың тізіміне енді.

Еске сала кетейік, 2015 жылы және биыл «Нұрлы жол» инфрақұрылымын дамыту мемлекеттік бағдарламасы белсенді іске асырылып жатыр. Онда бес бағыт: Орталық-Солтүстік, Орталық-Шығыс, Орталық-Оңтүстік, Орталық-Батыс және Алматы-Шығыс бойынша автокөлік жолдарын төсеу қарастырылған, осыған байланысты жол бойындағы сервисті дамытуға инвесторлар тарту жұмыстары жанданды. 

Осыған орай, Кәсіпкерлер палатасы республикалық автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ компаниясы әзірлеген жол бойындағы сервис нысандарын дамыту аясындағы әріптестік туралы шарт жобасын қарастыруда және ол 2020 жылға дейін ҚР-дағы республикалық маңызы бар жолдардың бойындағы сервистерді дамытуға дайын әлеуетті кәсіпкерлермен талқылану үстінде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер