«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесменге арналған сервис

2016 жылғы 29 Қаңтар
- Қызылорда облысы
12188 просмотров

Арал ауданы Кәсіпкерлікті қолдау орталығы 2406 қызмет түрін көрсеткен

Арал ауданы Кәсіпкерлікті қолдау орталығы өткен жылы 1000-нан астам кәсіпкерге 2406 қызмет түрін көрсеткен. Бұл туралы Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры Қадырхан Еңсепов жеткізді.

Филиал директорының айтуынша, Палатаға консультативтік көмек сұрап келуші азаматтар саны күн сайын көбеюде. Бүгінде орталықта консультациялық қызметтер ғана көрсетіліп қоймай, бизнес-жоспар жасауға, мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға, қажет жабдықтар алуға да көмек көрсетіледі. 2015 жылы бизнес мектебінде «Бизнес-консультант» бағдарламасы бойынша аудандағы 130 бастамашыл тұрғын білім алды.

Олардың бірі – Индира Жұмашева. Индира бала кезінен матамен жұмыс жасауды, тігуді жақсы көретін. Сүйікті ісі кәсібіне әрі табысты бизнеске айналуы үшін, ол Кәсіпкерлер палатасына жүгінді. Қысқа мерзімдік оқытудан кейін Палата консультанттарының көмегімен бизнес-жоспарын дайындады. Ақырында Индира «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 3 млн теңгеге қаржы алады.

«Мамандығым - тігінші. Клиенттерімнің саны өсіп келеді. Айына 100 тапсырысқа дейін болады. Бизнестің кредитімді жабатыны әрі өмір сүруге жететіні көңіл қуантады. Кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерінің қолдауына, сүйемелі мен көрсеткен көмегіне алғысым шексіз», - дейді кәсіпкер.

Арал аудандық орталығының жыл басынан бері ауданның 43 тұрғынына консультативтік қызмет көрсетіп, 30 кәсіпкерге сервистік қызмет көрсетіп үлгергенін атап өтейік.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер