Бизнес-инкубатор жұмысына кірісті
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында бизнес-инкубатор жұмыс жасай бастады
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін дамуының ерте сатысында қолдау және дамыту бағдарламасының аясында Маңғыстау облысы аудандарының бірінде бизнес-инкубатор ашылды.
Мұнда ісін бастаушы бизнесмендерге бухгалтерлік, заңгерлік, консалтингтік, бизнес-білім беру қызметтерінің кең аясы ұсынылады. Жобаны Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы Мұнайлы аудандық филиалы басқарады.
Бизнесмендердің өздері мойындағандай, бизнес-инкубаторда оларға нақты көмек беріледі. Он екі кәсіпкер жеңілдікті шартпен барлық қажет жабдығы, жиһаз және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған кеңсені жалдап отыр.
Бизнес-инкубаторда ісін бастаушы бизнесмендерге барлық мәселелер бойынша консультатитвтік қызметтер көрсететін кәсіпкерлерді қолдау орталығының менеджерлері орналасқан. Бизнеске жаңа келгендер де осы жерде оқытылады: ісін бастаушы және әрекет етуші кәсіпкерлер үшін семинар-тренингтер, презентациялар, бизнес ашу және жеке істі ойдағыдай жүргізудің басқа да аспектілері бойынша шеберлік сабақтары өткізіледі.
Кәсіпкерлер палатасы Мұнайлы аудандық филиалының жанынан отандық тауар өндірушілердің мамандандырылған базары да өз есігін айқара ашты. Оның аумағы бір гектарды алып жатыр. Негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасы ешқашан көтерілмейді. Оны Кәсіпкерлер палатасы Мұнайлы аудандық филиалының директоры Әділет Сәми күнделікті қадағалап отырады.
Оның сөзінше, бағаның халық үшін қолжетімді болуына барлық кәсіпкерлермен келісуге қол жеткізілді. Мұнда өнім бағасының күрт өсуіне жол бермеу үшін, делдалдарсыз тікелей тауар өндірушілермен жұмыс жасалады. Базар әкімшілігі ісін бастаушы кәсіпкерлерге түсіністік танытып, алғашқы екі айда олар ай сайынғы жалдау ақысын төлемейтін болды. Санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарының барлық нормалары сақталған. Тәулік бойғы күзет және қоймалар бар. Сөрелерге негізінде жергілікті өнімдер қойылған.
«Енді азық-түлікті жәрмеңкеден арзан бағаға сатып алу үшін, демалыс күнді күтпейтін болдық. Оның бәрі артта қалды. Базарымызда барлық тауарлар нарықтық бағадан төмен бағада сатылады. Кәсіпкерлер үшін бар жағдай жасалған. Ең бастысы, бір айдың жалдау құны 15-20 мың теңге аралығын құрайды. Еш жерде олай емес», - деді Әділет Сәми.
Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Жаңбырбай Доспаев, Мұнайлы ауданы аппаратының шенеуніктері, кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері базарға келіп, кәсіпкерлермен сұхбаттасты, аудандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай, агроөнеркәсіп кешенінің дамуы және Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының биылғы жылға жоспарлары жайлы сұрастырды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: