«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Ақша әкелсең – кешіреміз»

2016 жылғы 29 Қаңтар
9728 просмотров

Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ауқатты қазақстандықтарды мүлкі мен капиталын заңдастыруға үндеді

«Көптеген бай адамдарды, миллиардерлерді, миллионерлерді өсірдік. Шын ба, өтірік пе, Forbes-та суреттері жарқырап тұр. Онда тұрғандары да жақсы. Боянып, сыланған, әдемі көрінеді», - деп атады «Нұр Отан» партиясының XVII съезінде сөйлеген сөзінде.

«Бірақ бұл ақшаның бәрін табуға Қазақстан мүмкіндік берген еді. Біздің еліміз, мемлекетіміз. Онда ақшаны осында салайық, түрлі оффшорлар – бұл бос сөз», - деп жалғады сөзін Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы «Қазақстанның құқықтық көмек туралы барлық мемлекеттермен дерлік шарттар жасасқанын» еске салды. Сонымен бірге заңдастыруға қатысу қағидалары айтарлықтай ырықтандырылған.

«Бастапқы жекешелендіру, қаражатты бастапқы жинақтау ешқашанда таза, мүлдем ашық болған емес. Нешетүрлі болады. Күллі әлемде солай. Ақшаны әкеліңіздер, кешіреміз. Шетелде үйіңіз бар ма – заңдастыр, ол жайлы біліп жүрейік», - деп үндеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев күллі бизнес-қоғамдастыққа Қазақстандағы нысандарды жекешелендіруге де қатысуды ұсынды.

Жанар Сердалина 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер