«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

24 миллион тұратын селқостық

2016 жылғы 25 Қаңтар
- Жетісу облысы
6738 просмотров

Шенеуніктердің мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға мүддесіздігі кәсіпорынды үлкен шығынға әкелді

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасына «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына алғашқы қатысушылардың бірі болып табылатын «Компания SONIK» ЖШС жүгінді.

Зауыттың басымдылықты бағыты – профильдік құбырлар өндіру. Компания бүгінде сапасы жөнінен Ресей,Украина және ҚХР зауыттарынан кем түспейтін өнім шығара отырып, салада көшбасшы орындардың бірін иеленіп отыр. «SONIK» Комапниясы» ЖШС үздік кәсіпкерлер жүздігіне кіреді.

2013 жылғы қазан айында бағдарламаға қатысушылардың бірі «STS  сталь центр» ЖШС SONIK» компаниясы» ЖШС-ға қосылу жолымен қайта ұйымдастырылады. Осыдан соң кредиттік міндеттемелерді біріктіру бойынша қайта құрылымдау жүргізіледі.

«18 қарашада кәсіпкерлік басқармасына компанияны қайта ұйымдастыру туралы хабарламамен және Өңірлік үйлестіру кеңесінен кредиттік желіні орнату туралы келісімді қайта жасасуға мақұлдау алу үшін, хат жолдадық, - дейді «Компания SONIK» ЖШС заңгері Александр Шаруденко. – Алайда шенеуніктер тарапынан іс ұзаққа созылып кетті. Бірнеше мәрте жүгінгеннен кейін ӨҮК 2015 жылғы 11 ақпанда өткізіліп, онда кәсіпорын мақұлдауға қол жеткізеді».

«SONIK» Компаниясы» ЖШС бес ай ішінде ол уақытта мөлшері 24 млн теңгені құраған пайыздық мөлшерлеменің субсидияланатын бөлігін өз бетінше төлеп отырады. Әрине, кәсіпкерге аталмыш соманы ешкім де өтеп беруге тырысқан жоқ.

Компания мен мемлекеттік орган арасында қалыптасқан жағдай Палата сарапшылары мен облыс прокуратурасының араласуын талап етті.

«Біз прокурорлық тексерісті бастамаладық. Тексеріс нәтижесі бойынша кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы облыс әкімдігіне заңды бұзуды жою туралы ұсыныс енгізді», - деп атады ӨКП құқықтық блогының сарапшысы Диас Оташбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер