Екі елге арналған бизнес
Қазақстан мен Ресей компаниялары бірлескен кәсіпорындар ашпақшы
26 қаңтарда Ресей Сауда-өнеркәсіптік палатасында «Ресейлік-қазақстандық инвестициялық сұхбат: ынтымақтастыққа арналған жаңа мүмкіндіктер» атты дөңгелек үстел және Ресейлік-Қазақстандық Іскерлік кеңестің инвестициялық ынтымақтастығын дамыту жөніндегі Жұмыс тобының отырысы өтеді.
Іс-шараны РФ СӨП, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі және Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы ұйымдастырады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – бірлескен жаңа кәсіпорындардың пайда болуы үшін Ресей мен Қазақстан компаниялары арасында екі жақты инвестициялық байланыстарды жөнге салуға жәрдем көрсету.
Іс-шара аясында Еуразиялық экономикалық одақ аясында ресейлік-қазақстандық ынтымақтастықты дамытудың негізгі бағыттарын, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері мен түйткілдерін, Ресей мен Қазақстанның шекара маңындағы өңірлеріндегі экономикалық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмдерін қолданумен бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырудың келешегін талқылау жоспарланып отыр. Инвестициялық сұхбат барысында әлеуетті инвесторларға және серіктестерге басымдылықты ресейлік және қазақстандық инвестициялық жобалар презентациясы өтеді.
Іс-шараға ресейлік тараптан мемлекеттік биліктің федералдық және өңірлік органдары, аумақтық сауда-өнеркәсіптік палаталар, ресейлік және шетелдік бизнес, ресейлік Тікелей инвестициялар қоры, сараптау қоғамдастығы өкілдері қатысады деп күтілуде. Қазақстандық делегация мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҚР ҰКП, «Еуразиялық даму банкі» Халықаралық қаржы ұйымы, «Kaznex Invest» ЭИҰА» АҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП өңірлік палаталары өкілдерінен, сондай-ақ кәсіпкерлерден тұрады.
Іскерлік кеңес Жұмыс тобының және іс-шараның алқалық бөлігіндегі отырыстарда ағаш өңдеу, металлургия, құрылыс, қонақүй бизнесі, өңдеу өнеркәсібі сияқты түрлі өзекті салалардағы РФ инвесторлары үшін Қазақстанның 11 инвестициялық жобасының презентациясы жоспарлануда.
АӨК саласында:
1. Шығыс Қазақстан өңірінде тәулігіне 200 тонна сүтке арналған сүт кластерін ұйымдастыру - ШҚО;
2. «Алма бақтары» аграрлық аймағы және «Жылыжай жұмағы» Аграрлық индустриялық аймағын құру жобасы - ОҚО;
3. «Жаңа Ақдала» АФ» ЖШС базасында тамшылай суару технологиясын қолданумен жеміс-көкөніс мәдениеті өндірісін дамыту жөніндегі жоба - Астана қ.;
Металл өңдеу саласында:
4. «273-630 мм диаметрлі тік жікті болат құбырлар өндірісін ұйымдастыру – Павлодар облысы.
5. «Жарық диодты жарықтандыру және ілеспе тауарларға арналған дайын корпустарды шығару» - Павлодар облысы.
Құрылыс саласында:
6. «Қарағанды қаласындағы қоқысты қайта өңдеу зауыты құрылысы» - Қарағанды қаласы.
7. «Малый Орынбор» - Астана қаласы.
8. «Омбы қаласы ОӘО тұрғын үй кварталдарын қайта қалпына келтіру – Астана қаласы.
9. «Garden Hall» Қонақүй-сауықтыру кешені» - Павлодар облысы.
Өңдеу саласында:
10. ҰДФ ағаш тақтайларын одан әрі терең өңдеумен өндіру жөніндегі цех құрылысы - ШҚО.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: