«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Инвестицияларға арналған тың алаң

2016 жылғы 22 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
18733 просмотров

Солтүстік Қазақстан облысында Инвесторлар кеңесі құрылды

Бірінші рет өткізіліп отырған отырыс жұмысына СҚО әкімі Ерік Сұлтанов, ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Рахим Ошақбаев, ҚР ауыл шаруашылық вице-министрі Ермек Көшербаев, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова, «ҚТЖ» ҰК» АҚ вице-президенті Бауыржан Орынбасаров, Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкі жетекші банкирі Антон Дан-Чин Ю, «Wuhan Shi Lin Fuxing Technology&Development Co. Ltd» компаниясының (ҚХР) бас директоры Чжан Ши Гань, Флоренция (Италия) Кәсіпкерлер палатасының директоры Армандо Ризалити, «General Finland Coop» (Финляндия) бизнесті дамыту жөніндегі директоры Калвер Каппер, «Iluka Exploration Kazakhstan» ЖШС (Австралия) бас директоры Элисон Морли, «ҚАЗАҚ ИНВЕСТ» Қаржылық тобы» ЖШС (Ресей) бас директоры Владимир Кан және басқалары қатысты.

СҚО Инвесторлар кеңесінің жоспарланып отырған инвестициялық қызмет және өңірдегі инвестициялық климатты жақсартумен байланысты түйткілді мәселелерді тиімді түрде шешу үшін өңірдегі бизнес-қоғамдастық және инвесторлар арасындағы тікелей сұхбатты қамтамасыз ету мақсатында құрылғанын атап өтеміз. Оның негізгі міндеті облыстың инвестициялық саясаты мен экономикалық дамуының басты аспектілерін дамыту жөніндегі ұсыныстар мен нұсқауларды дайындау болып табылады.

Кеңес төрағасы, облыс әкімі Ерік Сұлтанов кеңес жұмысын аша отырып, Қазақстанда инвестициялар тарту мәселесіне ерекше көңіл бөлінетінін атады. Солтүстік Қазақстан облысы да осы қатардан табылады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңір экономикасына 154,5 млрд. теңге инвестиция тартылған. Облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Мәнкеев өз сөзінде өсу қарқыны бойынша СҚО-ның республика өңірлері арасында 1 орын алатынын атады. Барлық инвестицияның ең көп бөлігі аграрлық өнеркәсіп кешеніне бағытталған – бұл 44, 2 млрд. теңге, немесе барлық салымдардың жалпы сомасынан 29 %.

«Өткен жыл ішінде облысымызда түрлі 25 делегация болып қайтыпты – бұл жақын және алыс шет елдер. Әріптестерімізбен әрекеттестік нәтижесі ретінде шетелдік инвестициялардың 60 пайыздан аса өсуін қамтамасыз еттік», - деп атады облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Мәнкеев инвесторлар үшін өңірдің негізгі артықшылықтарын тізбелей отырып.

Ол сонымен қатар Солтүстік Қазақстан облысының басым түрде аграрлық өңір бола отырып, жыл сайын республикада өндірілетін астық тұқымдастардың үштен біріне дейінгі бөлігін өндіретінін баса көрсетті. Ауылшаруашылық өнім өндірісі құрылысында 70%-дан астам бөлікті өсімдік шаруашылығы алады. Ол негізінде астық өндірісімен танылады, 30% - мал шаруашылығы.

«Ауыл шаруашылық мақсаттағы жер 7 млн гектардан астам көлемді құрайды. Соның ішінде егістік 4,8 млн гектар. Агротехнологиялық іс-шаралардың күллі кешені қолданылатын облыс шаруашылықтарында астық тұқымдастардың өнімділігі 30-35 ц/га құрайды, майлы өсімдіктер 15-20 ц/га болады. Мемлекет өсімдік шаруашылығы саласын дамыту үшін Қазақстанда және шетелде бірінші, екінші, үшінші репродукция тұқымдарын және бірінші буын гибридтерін сатып алуға тұқым шаруашылығын қолдауға субсидия бөлінеді. Болжамдық деректерге сәйкес, бүгінгі таңда облыста 700 мың гектарға жуық жер босатылуда, соның ішінде егістік - 177,6 мың гектар. Бұл инвесторларымыздың пайдалы түрде қолдануына болатын жеткілікті деңгейдегі көлемді қор. Мәселен, бүгіннің өзінде кеңес құрамына қосылып отырған Италиядан келген инвесторлар өсімдік шаруашылығын одан әрі жүргізуге арналған ауылшаруашылық мақсаттағы 2 мың гектардан астам жер сатып алды», - деп жалғады сөзін Мұхтар Мәнкеев.

Солтүстік Қазақстан облысында шетелдік инвестицияларды тартуға ауылшаруашылық қайта өңдеуге салымдардың да перспективалы бағыт болып табылатынын атай отырып, ол өңірде жүзеге асыру жоспарланып отырған үш ірі жобаны ерекше көрсетті. Біріншісі – бұл «ЭФКО» Компаниялар тобының 23 млрд теңге тұратын, қуаты жылына 330 мың тонна майлы өсімдік тұқымын қайта өңдейтін майлы өсімдіктерді қайта өңдеу зауытының құрылысы. Екінші жоба «МЭЗ-СКО» ЖШС өсімдік майын өндіретін зауыт құрылысы бойынша, Петропавл қаласында орналасады, құны - 29 млрд. теңге. Мұндай зауыт жылына 500 мың тонна майлы өсімдік тұқымын қайта өңдей алады. Үшінші жоба – бұл Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда бой көтеретін «Жаннұр Астана» КТ 38 млрд теңге тұратын, қуаты жылына 250 мың тонна астықты терең қайта өңдейтін зауыт. Жобалардың үшеуі де 2016-2020 жылдарға арналған Ауылшаруашылық өнімдерді қайта өңдеу картасына енеді. Аталмыш карта аясында 138,5 млрд теңге сомасындағы 60 жобаны жүзеге асыру белгіленіп отыр.

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму вице-министрі Рахим Ошақбаев та Солтүстік Қазақстан облысы дамудың жоғары әлеуетіне ие екеніне, сонымен қатар шетелдік инвестициялар тарту есебінен де дами түсеріне сенімді.

 

«Әлемдік нарықта орын алып жатқан дүниені бәріміз де көріп отырмыз: мұнай мен металл бағасы түсіп барады. Осының бәрі Қазақстан сияқты экспорты 30 пайыздан аспайтын елдерге қатты әсерін тигізуде. Жаһандық индикаторға жауап қататын әлемдік қор нарықтарының түсуін көріп отырмыз, жалпы алғанда, көмірсутектерге, пайдалы қазбаларға негізделген дәуір аяқталуының куәсіміз деп те пайымдауға болады. Экономикамызда болып жатқан жағымсыз салдарға қарамастан, бұл өте салмақты мүмкіндіктер береді. Қазақстандағы мұнайдан кейінгі көлемді дүние ауыл шаруашылығы, ауылшаруашылық өнімді өңдеу, тамақ өнімдерін өндіру екені сөзсіз. Әрі осы тұрғыдан алғанда Солтүстік Қазақстан облысы ауылшаруашылық өнім өндіретін қазақстандық басты өңір ретінде мүлдем басқа қырынан көзге түседі. Аталғандармен бірге облыстың шекара маңында орналасуы, ортақ нарық және еуразиялық интеграция, Еуразиялық экономикалық одақ жасап отырған мүмкіндіктер аталмыш өңірдің жоғары инвестициялық тартымдылығын шамалайды», - деп атады Рахим Ошақбаев.

Инвесторлар кеңесі отырысының соңында «Grand Story Astana» компаниясы мен Петропавл қаласы әкімдігінің арасында 123 гектар жер бөлу туралы; «Il Trebbiollo» компаниясы мен Қызылжар ауданы әкімдігі арасында; «Даму» КДҚ» АҚ және СҚО әкімдігі арасында «Бизнес әрбір ауылға» жобасын жүзеге асыру туралы; «Сырымбет» АҚ және «Самұрық Қазына Инвест» АҚ арасында; «Xi'an AiJu Grain &Oil Industry Group Co., Ltd» компаниясы мен СҚО әкімдігі арасында 28 гектар жер бөлу туралы; «General Finland Coop» компаниясы мен СҚО әкімдігі арасында ауыл шаруашылығы арасында ТЭН дайындау және балық фермасы әрі балықты өңдеу жобасын жасау жайлы меморандумдар жасалды.

Инвесторлар кеңесі мүшелері бұдан кейін «b2b» форматындағы іскерлік келіссөздерге қатысып, «Зенченко и Компания» ШҚ, «Мұнаймаш» АҚ және «Сұлтан» АҚ кәсіпорындары жұмысымен танысты.


Ұқсас жаңалықтар:

Өндірушінің кеңейтілген міндеттемелері өзгерді
25 Қаңтар
2019
Солтүстік Қазақстан облысы
Бизнес-орта сауалнамадан тиімді нәтиже күтеді
18 Қаңтар
2019
Солтүстік Қазақстан облысы
Жас өнертапқыштар марапатталды
24 Желтоқсан
2018
Солтүстік Қазақстан облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер