«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ВТБ банк шағын бизнеске беретін несие көлемін көбейтті

2014 жылғы 06 Наурыз
4061 просмотров

Былтырғы жылы ВТБ банкі шағын бизнеске берілетін несие көлемін 2012 жылмен салыстырғанда 46 пайызға көбейтіп, жалпы сомасын 20,4 млрд теңгеге жеткізді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Елдегі ВТБ банкі кәсіпкерлер несиені өткен жылдың екінші жартысында ала бастағанын айтады. Соның ішінде тамыз, қараша, желтоқсан айларында берілген несие мөлшері өте жоғары болған. Бүгінде шағын бизнес саласына кіретін жеті жүзден аса ұйым ВТБ банкінің клиенті болып табылады.

Осыған қатысты ВТБ банкі АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Дмитрий Яковлев: "2013 жылы кәсіпкерлер несиелік қаржынының қазіргі қызметін белсенді түрде пайдаланды. Шағын бизнес өкілдері арасында "Шағын несие" жобасы ең тиімдісі болып, оны клиенттердің 38 пайызы пайдаланып отыр", - деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, 2014 жылы банк жоспар бойынша бөлшек бизнес санатындағы клиенттерге баса мән беретін болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер